Ф 11-19 Турекулова Ж. Е


Әлеуметтік рөлдер теориясында



бет29/98
Дата02.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#116903
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98
Байланысты:
Ф 11-19 Турекулова Ж. Е

Әлеуметтік рөлдер теориясында екі негізгі көзқарас кеңінен көрсетілген. Рөл ұғымының өзін ең алғаш жүйелі түрде 1930 жылдардың бас кезінде символикалық интеракционизм теориясының негізін салушы Дж.Г.Мид қолданған. Ол рөлдерді адамдар арасындағы эксперименттік және сонымен қатар жасампаздық сипаты бар өзара қарым-қатынас нәтижесі деп сипаттаған. Мидтің әлеуметтік философиясы әуел бастан балалардың қоғамға қалай бейімделетініне және рөлдерді қабылдау жолымен, яғни өз қиялындағы басқалардың - әкелерінің, аналарының, мұғалімдерінің, дәрігерлердің рөлдерін салыстыра отырып, өзінің әлеуметтік мәнін қалай дамытатынына қызығушылық танытқан.

Екінші көзқарас Р. Линтоннан бастау алады (1936). Кейіннен бұл көзқарас функционализмнің құрамдас бөлігіне - қазіргі заманғы әлеуметтанудың неғұрлым ықпалды мектептерінің біріне айналды. Функционализм рөлдерді маңызды белгіленген және статикалық (яғни өзгермейтін) нәрселер ретінде қарайды. Бұл ұғымдар қоғам өмірінде тамыр жаяды және мінез-құлықты рөлдер арнасына енгізетін әлеуметтік нормалардан көрініс табады.

Рөлдің нормативтік құрылымында әдетте 4 элемент ерекшеленеді:

осы рөлге сәйкес келетін мінез-құлықтың түрін сипаттау;

осы мінез-құлықпен байланысты ұйғарымдар (талаптар);

ұйғарылған рөлдің орындалуын бағалау;

санкция - әлеуметтік жүйе талаптары шеңберіндегі қандай да бір әрекеттің әлеуметтік салдарлары.

Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады.

1. Эмоционалдық деңгей. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады. Мысалы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі эмоционалды сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін.

2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-жаттығуына” тура келеді).

3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары оқу орнының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.

4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдердің атқарылуы ресмиленген, яғни оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальды ұйымдардың көпшілігінде - әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізетін диапазон ауқымы неғұрлым кең.

5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдаған қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты - барынша көп пайда табу (алдымен - одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске жұмсау және т.с.с.). Саясаткер жеке билігінің ауқымын ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері болса, клиенттерінің әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара үйлесім тауып жатса, кей жерде бір-біріне қайшы келіп, күрделі әлеуметтік қарым-қатынастармен астарласып жатады. Рөлдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай көне қоймайды.

Әрбір адам көптеген әр түрлі жағдайларда бірнеше рөлдер атқаратын болғандықтан рөлдер арасында қақтығыс пайда болуы мүмкін.

Жалпы алғанда, рөлдік қақтығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рөлдер арасындағы және бір рөлдің шегіндегі. Қақтығыстар екі және одан да көп рөлдер көбіне тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қарама-қайшы міндеттерін қамтиды. Мысалы, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптары оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қақтығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рөлдер арасындағы қақтығысқа жатады.

Ішкі шиеленістер мен қақтығыстардан, мүдделер қақтығысы дейтіннен таза болатын рөлдер көп емес, Мысалы жеке адам жағдайдың әсерімен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рөлді атқарған кезді алайық. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рөлдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рөлден шығуға, ішкі жан күйзелісіне әкеп соғуы мүмкін.

Рөлдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рөлдерді оңтайландыру - тұлғаның қандай да бір жағдайды қиын қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және жеке басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғанатын тәсілдердің бірі. Оңтайландыру рөлдік қақтығыс шындығын көңіл қалағанымен, қол жетпейтін рөлдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқылы жасырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет