Ф. 4-72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Мұражайтану және діни өнер»



Дата18.02.2017
өлшемі222,39 Kb.
#10135
Ф.4-72

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы

«Мұражайтану және діни өнер» пәні бойынша


5В011400 - Тарих мамандығы студенттеріне
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Ф. 4-72


БЕКІТЕМІН

ФжТ факультетінің деканы

__________ Қ.Текжанов

____________20 __ ж.

Құрастырушы: ____________ аға оқытушы Садыкова А.М.

Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы

«Мұражайтану және діни өнер» пәні бойынша


5В011400 - Тарих мамандығы студенттеріне арналған
Оқыту бағдарламасы
Бағдарлама ___20__ж. бекітілген оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды. ___ __________ 20__ Кафедра отырысында ұсынылды № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі______________А.Е. Кәрімова

Филология және тарих факультетінің ОӘК мақұлдады

___ __________20__№____хаттама

ОӘК төрағасы __________

1 Оқытушы туралы мәлімет

Садыкова Айгүл Маратқызы – Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасының аға оқытушысы



Кафедрадағы қабылдау уақыты (№5-301а) топқа арналған кеңес кестелері бойынша

2 Пән туралы мәлімет

Пән 1 триместр бойы 15 аптаға сай оқытылады. Пәннің жалпы көрсеткіші 135 сағат, оның 10 сағаты виртуалдық сабаққа және 125 сағаты студенттің өздік жұмысына арналған аудиториялық сағаттың сабақ түрлері күнтізбелік жоспарда көрсетілген.

Пәнді оқыту төмендегі пәндерден алған біліміне негізделеді: философия, дүниежүзі тарихы, әлемдік мәдениет тарихы, әлемдік өркениеттер тарихы.

Пәннің мақсаты: курс студенттеріне тарихи білімге тартуға, тарихи даму заңдылықтары мен негізгі формаларын түсініп ұғыну, олардың жалпы тарих барлық құндылықтарын өздігінен оқып, дағдыларды дамыту.

Пәнді оқытудың міндеттері:


  • жабдықтаудың негізгі принциптерін (талаптарын, мұражай экспонаттарын орнықтыру мен сақтай білу);

  • мұражай қызметкерлерін мамандыққа дайындау мәселесінде мұражайдың әлеуметтік қызметін таныту;

  • мұражай фондатырындағы құжаттармен жұмыс істеуде студенттердің қабілеттілігін қалыптастыру;

  • мұражай экспонаттарын орнықтыру, сақтау, жабдықтау талаптарын үйрету.

Пәнді меңгергеннен кейін мынаны білу керек:

  • студенттердің тарихи деректерді жинақтап, талдай білу біліктіліктерін дамыту;

  • «Мұражайтану және діни өнер» пәні бойынша деректері негізінде қортындылай білу, объективті түрде жағдайларды бағалай білу, дұрыс тұжырымдау икемділіктерін жетілдіру;

  • сұхбат, талқыларға белсенді түрде қатысу, пікірлерді, дұрыс мәліметтерді түсіндіре білу дағдыларын дамыту;

  • «Мұражайтану және діни өнер» пәні бойынша әдебиетті сараптап, мазмұны бойынша өз ойларын жеткізе білу;

  • студенттерді қазіргі кездегі ғылыми зерттеумермен таныстыру;

  • берілген материалдарды пайдалана білу;

  • ғылыми жұмыстың дағдыларын дамыту.

Тәжірибелік сабақтарда өздік жұмыс тапсырмаларын орындауда Сіз үйреніп шығасыз:

  • студент әр түрлі материалдардан өзіне керектісін алып, оған өз көзқарасымен талдап, сараптама жасай білуі керек.

  • сараптама арқылы қорытынды жасап өзіндік ой пікірін дұрыс жеткізе білуін қалытастыру керек.

  • бұл қорытынды жаңа фактілер мен талдауларға ойлауына байланысты өз-өзіне есеп беру керек.

  • теориялық білім мен сүйене отырып өзіндік ой пікірінде тұра білу арқылы дискуссияға қатысу.дүниежүзілік діндер тарихы бойынша әдебиетті сараптап, мазмұны бойынша өз ойларын жеткізе білу.

  • берілген материалдарды пайдалана білу, ғылыми жұмыстың дағдыларын дамыту.


Пререквезиттер:

Курс материалына сүйене отырып зеррттеуші көне жазбалар мен қабықтағыш жазуларды оқуды бұрынғы жыл санағын қазіргі кездегі датаға аударып ертедегі салмақ ұзындық өлшемдерінің мәнін ашып көне тиындардың пайда болу кезін уақытын мөлшерлеп кейбір тарихи жағрафия мәліметтерін пайдалануды ұйымдастыра алады.


Постреквизиттер:

«Мұражйтану және діни өнер» курсын толық игеру әрі қарай «Тарихты оқыту әдістемесі», «Жаңа заман тарихы», «Қазақстан тархы», «Қазіргі заман тарихы» пәндерін меңгеруге мүмкіндік жасайды.


Компетенциялар:

Оқып алынған білімдері негізінде өздерінің мамандырылған қызметтерін ұйымдастыруға қабілетті болады – сабақтарды жүргізу, оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми жобаларды орындауға жетекшілік ету және т.б.



3. Пәннің тақырыптық жоспары




Пән тақырыптарының атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

сабақтары

СӨЖ+ОСӨЖ




1 семестр

1-модуль. «Мұражайтану және діни өнер» пәні: теориясы және тарихы



«Мұражайтану және діни өнер» пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері















Мұражай існің тарихы













2-модуль. Мұражай жұмысының ұйымдастырылуы



Мұражайдағы жұмыс түрлері мен құрылысы















Экспонаттардың сақталуы және көрме принциптері















Қор бөлімдегі фото және құжаттарды жабықтау мен сақтау













3-модуль. Мұражай мәдениеті және діни өнер



Мұражайдағы ғылыми- ағартушылық жұмыс















Келушілердің мұражайлық мәдениетін тәрбиелеу















Мұражай мәдениеті және діни өнер













Семестр бойынша барлығы













Пән бойынша барлығы





4. Теориялық курстың мазмұны
4.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-модуль. «Мұражайтану және діни өнер» пәні: теориясы және тарихы
1-тақырып. Мұражайтану пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Ұлттық сана мен ұлтжандылықты Қазақстан халқының бойына дарыту үшін Ұлы дала тарихын ұрпақ санасында тірілту керек. Осыған орай, ғылыми, ағартушылық-біліми, мәдени мекеме ретінде мұражайлардың рөлі өте зор. Кезінде Кеңес үкіметі өз идеологиясын халыққа насихаттау үшін мектептен тыс мекемелерге, соның ішінде мұражайларға ерекше көңіл бөлген. Мұндай тәжірибе нәтижесіз қалған жоқ, тіпті өзінің айтарлықтай жемісін де берді. Мұражайлар өз экспозицияларында социалистік қоғамның жетістіктерін насихаттаушы «саяси-ағарту комбинатына» айналып, халық мұражайға экскурсияға келетін. Ендеше бүгінгі таңда мұражайларды неге ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында рухани мәдениетімізді жаңғырту орталығына айналдырмасқа. Ұлттық тарихымыз бен қайталанбас керемет мәдени туындыларымыз шоғырланған орда арқылы жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелемеске.


2-тақырып. Мұражай ісінің тарихы

Алғашқы музейлер қазақ даласында ХІХ ғасырда қалыптаса бастады. Зерттеу барысында Қазақстан жерінде музей ашудың алғашқы қадамдарының 1823-1845 жылдар аралығында Ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгірден басталғандығы анықталды. Жәңгір хан жинақтаған құнды жәдігерлер қазақ халқы үшін баға жетпес мұра. Олардың ішінде 1742 және 1749 жылдары патшайым Елизавета, 1775 жылы Екатерина, 1802, 1812, 1823 жылдары Александр патша сыйлаған қылыштар бар. Бірақ бұл ресми түрде музей деңгейіне жетпей хан Ордасының бөлмесін безендірген заттардың жинағы ретінде қалып қойды. Дегенмен, бұл қадам алдағы уақытта өлкеде музей құрылысының жандануына негіз болғандығына күмән жоқ. Бүгінгі күнге дейін жеткен мәліметтерге қарағанда Жәңгір хан жинақтарының арасынан басқа да құнды заттарды кездестіруге болады.


2-модуль. Мұражай жұмысының ұйымдастырылуы
3-тақырып. Мұражайдағы жұмыс түрлері мен құрылысы

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді:тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.),көрем мұражайлар (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану мұражайы ’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді мұражайлар; (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық мұражайлар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражайлар ). Мұражай ісінің негізгі бағыттары – мұражайлық мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру, консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру.



4-тақырып. Экспонаттардың сақталуы және көрме принциптері

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау, зерттеуде қор коллекцияларын толықтыру ғылыми-зерттеушілік, археологиялық және этнографиялық экспедициялардың маңызы зор. Далалық экспедициялық жұмыстар арқылы ақпараттық құндылыққа ие болатын материалдар музей қорларына жинақталуда. Бірақ, қаржыландырудың жетіспеушілігінен жергілікті жерлерде музей қызметтері тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Мәселен, ғылыми экспедицияларды ұйымдастыруда, мәдени құндылықтарды зерттеу және насихаттауда, музейлердегі жәдігерлерді сақтау және есепке алуда, тарихи-мәдени және табиғи құндылыққа ие заттармен қорды жасақтауда, олардың тиісті дәрежеде сақталуында, жәдігерлерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сапалы жүргізуде қиыншылықтар туындап отыр.


5-тақырып. Қор бөлімдегі фото және құжаттарды жабдықтау мен сақтау

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының бағытымен білім берудің мәдени, тарихи-дүниетанымдық, руханилық қырлары әлеуметтендірудегі құнды жүйелер ретінде танылады. Бүгінгі қоғамда жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асырудың мол мүмкіндіктері ашылған. Мұражайды оқу орындарындағы тарихи-мәдени қазына ретінде қабылдасақ, мұнда үнемі өткізіліп келе жатқан тақырыптық-танымдық іс-шаралар тарихи тамыры терең халық даналығының, мәдениеті мен руханилығының, тәрбиелік тағылымының жалпы адамзаттық құндылықтардың асыл қазынасын паш етуші көпір деп бағалауға болар еді. Мұндағы қойылған мұрағаттар, негізгі экспонаттар, қуыршақ кейіпкерлер, панно, коллаж, аппликация, мозайка, сурет – балалардың өз қолынан шыққан дүниелер. Ол – өнердің терең сырына үңіліп, алуан бояулы құпияларын меңгеріп, ата-бабамыздың басынан кешкен өмірді терең түсініп, қарапайым бейнелеу, технология сабақтарында орындалған балалардың шығармашылық жұмыстары.


3-модуль. Мұражай мәдениеті және діни өнер
6-тақырып. Мұражайдағы ғылыми- ағартушылық жұмыс

Жастар мен арнайы келетін зиялы қауым өкілдеріне, көрермендерге ұсынылатын, шәкірттерімен бірлесе отырып өткізетін атаулы шараларының өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор. Ұстаздың талмай атқарып келе жатқан еңбегі, тәлім-тәрбиесі оқушылар бойында ұлтына, тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, тұлғаның этикалық мәдениеті мен эстетикалық талғамының қалыптасып дамуына бағытталған. Сондай-ақ, мұнда әрбір оқушы сөз өнерінің, қол өнерінің жасампаздығын ұғынып, рухани құндылықтардың асыл қазынасының бастауларын біліп қана қоймай, мұны ортаға таратушылар болып табылады. Осы орайда айта кету керек, мұражай саяхатшылары жүйелі түрде ашылатын әр жаңа көрменің мазмұнын қазақ-орыс тілдерінде жеткізеді. Тарихи тағылымы мол мұражайлардан рухани нәр алып, ертеңімізге сеніммен қадам басуға күш-қайрат қосады, әрбір қазақ азаматына патриоттық сезім ұялатады.


7-тақырып. Келушілердің мұражайлық мәдениетің тәрбиелеу

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан үшін музейлер тек ғылыми-зерттеу, мәдени-білім мекемесі ғана емес, ол ұлттың ұлылығын айғақтайтын ерекше мәнді символ, мемлекеттік атрибуттардың бірі болып табылады. Музейлердің қатал идеялық-ақпараттық бағыттан арыла бастауы музей мен көрермен арасындағы қарым-қатынасты өзгертті. Музейлер көрерменге тек тәрбиелік әрекет нысаны емес, сұхбаттасушыға да айналды. Бүгінгі таңда республикамызда тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласындағы мемлекеттік саясаттың белсенді таратушысы болып табылатын музейлерді тамашалауға 1 млн. 300 мың адам келіп 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер ұйымдастырылған. Кеңестік идеологияның қыспағында болған музейлерге бүгінгі күні мүмкіндіктер ашылып, оны жүзеге асыруда жағдайлар жасалып отыр. Осындай мүмкіндіктерге ие болып отырған Қазақстан музейлері ең алдымен, халқтың баға жетпес материалдық, рухани байлығын жиақтаушы әрі насихаттаушы, сол арқылы Қазақстан азаматтарының бойына отансүйгіштікті, патриоттық сезімді ұялатушы ғылыми, мәдени, біліми орда болуға тиісті. Жасалып жатқан игі істер де баршылық.


8-тақырып. Мұражай мәдениеті және діни өнер

Мұражайлардың мәдени – ағартушылық қызметі, олардың қалыптасуы мен дамуы барысындағы ағартушылық, тәрбиелік, ғылыми-зерттеушілік, жинаушылық, қор жабдықтау, сақтау және қорғау жұмыстары қоғам дамуының әр кезеңінде өзгеріп отырғаны байқалады. Музейдің мәдени-ағарту жұмысының түрлеріне экспозиция ұйымдастыру, әр бағыттағы экскурсиялар (шолу, тақырыптық, арнайы тапсырыстық, экскурсия-дәрістер, дәрістер, әңгімелесулер, кеңестер жылжымалы көрмелер) жатады.Қазақстан жерінде құрылған музейлер жәдігерлерінің әртүрлілігі белгілі бір тақырыптық негізде экспозиция құруға мүмкіндік бермеді, сондықтан музей алғашқы көрермендерін жинақталған заттарды тізбектей көрсету арқылы қойылған көрсетілім негізінде қабылдады.


4.2 Тәжірибелік сабақтардың тізбесі
1-модуль. «Мұражайтану және діни өнер» пәні: теориясы және тарихы
1 тақырып. Мұражайтану пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

1. Мұражайтану ғылыми пән.

2. Мұражайтану пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

3. Ғылым ретінде қалыптасуын анықтайтын факторлары



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
2 тақырып. Мұражай ісінің тарихы

1. Алғашқы тарихи мұражайлар тарихы

2. Алғашқы мұражайлар түрлері

3. Әйгілі ғұламаларының түжырымдамалары мен тарихи ізденістері, пікірлері



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
2-модуль. Мұражай жұмысының ұйымдастырылуы
3 тақырып. Мұражайдағы жұмыс түрлері мен құрылысы

1. Тарихи, археологиялық, антропологиялық мұражайлар

2. Этнографиялық, нумиcматикалық т.б. мұражайлар

3. Көрем мұражайлар

Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
4 тақырып. Экспонаттардың сақталуы және көрме принциптері

1. Мұражайлардығы жұмыс құрылысы: фондтар құру; фондтық, экспозициялық, жалпы ғылыми-ағартушылық жұмыстар.

2. Мұражай фондтардағы жұмыстар.

3. Мұражай фондтарының мемлекеттік тіркемесі.



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
5 тақырып. Қор бөлімдегі фото және құжаттарды жабдықтау мен сақтау

1. Мұражай қорында жұмыс істеу. Қорды құжаттандыру, оларды топтастыру, есепке алу, сақтау.

2. Фото және құжаттарды жабдықтау мен сақтау.

3. Қайта өндеу жұмыстары(реконструкциялау).



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
3-модуль. Мұражай мәдениеті және діни өнер

6-тақырып. Мұражайдағы ғылыми- ағартушылық жұмыс

1. Мұражайға келушілер мен жұмыс істеу міндеттері.

2. Ғылыми – ағартушылық жұмыстардың формалары: саяхаттар, дәрістер, ақыл – кеңестер т.б. мұражайларға саяхат жасаудың жетістері.

3. Мұражайлық саяхат жасаудың жіктемесі. Мұражайлық саяхаттарды қарсы алу және дайындау.



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
7 тақырып. Келушілердің мұражайлық мәдениетің тәрбиелеу

1. Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесіндегі мұражайтану пәнінің ролі.

2. Мұражайдағы лекция сабағы.

3. Көрме , конференция жұмыстары



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
8 тақырып. Мұражай мәдениеті және діни өнер

1.Мұражай мәдениетін қалыптастыру.

2.Мұражайдағы діни өнер

3. Қазіргі кездегі мұражайтанудың жағдайы мен міндеттері.



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
4.3 Студенттерге ұсынылған өздігінен оқуға арналған тақырыптар
1-тақырып. «Мұражайтану және діни өнер» пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Қарастыратын сұрақтар:

1. Қазіргі кезде «Мұражайтану және діни өнер» пәнін оқытудың қажеттілігі

2. Пәннің мазмұны.

3. Пәннің ұлттық сананы қалыптастыруда рөлі.

Әдебиет:

1. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

2. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

3. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991


2-тақырып. Мұражай існің тарихы

Қарастыратын сұрақтар:

1. Қазақстандағы алғашқы мұражайлар тарихы

2. Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың түрлері



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. 4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991


3-тақырып. Мұражайдағы жұмыс түрлері мен құрылысы

Қарастыратын сұрақтар:



1. Тарихи, археологиялық, антропологиялық мұражайлар

2. Этнографиялық, нумиcматикалық т.б. мұражайлар

3. Көрем мұражайлар

Әдебиет:

1. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991

2. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

3. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.


4-тақырып. Экспонаттардың сақталуы және көрме принциптері

Қарастыратын сұрақтар:

1. Мұражайда жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі.

2. Мұражайда экспозицияны дайындау.

3. Мұражайда көрмені ұйымдастыру қағидаттары.

Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
5-тақырып. Қор бөлімдегі фото және құжаттарды жабдықтау мен сақтау

Қарастыратын сұрақтар:

1. Мұражай қорын сақтау қағидаттары.

2. Мұражай құжаттарын қайта өндеу.

3. Фото құжаттарды сақтау қағидаттары.

Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991
6-тақырып. Мұражайдағы ғылыми-ағартушылық жұмыс

Қарастыратын сұрақтар:

1. Мұражайда ғылыми-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру.

2. Саяхат мұражайда ғылыми-ағартушылық жұмыстың бір түрі ретінде.



Әдебиет:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф. Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999.

3. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991.


7-тақырып. Келушілердің мұражайлық мәдениетің тәрбиелеу

Берілетін тапсырма:

1. ПМПИ “Табиғат мұражайына” саяхат.

2. Павлодар қаласындағы мұражайлармен танысу (Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражай, Васильев, Багаев атындағы мұражай).



Әдебиет:

Практикалық тапсырма. Әдебиет қарастырылмаған.


8-тақырып. Мұражай мәдениеті және діни өнер

Қарастыратын сұрақтар:

1.Мұражайда діни өнер көрінісі.

2.Мұражайда діни өнер түрлері.

3. Қазіргі кезде мұражайда діни өнер бағыттары.

Әдебиет:

1. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999.

2. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991.

3. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф. Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988.


Ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау түрлері бойынша көрсеткіштерді бөлу




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі (сағаттар)



Дәріс сабақтарына дайындық

Электронды жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

(виртуалдық)










Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Электронды жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

(виртуалдық)









Виртуалдық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды қарастыру

Жазбаша

Коллоквиум







Семестрлік тапсырмаларды орындау

Эссе


Семестрлік тапсырманы қорғау






Бақылау шараларына дайындық

электронды түрде

АБ 1, АБ 2 (коллоквиум, тест)






Қорытынды бақылау

электронды түрде

тест




Жалпы





5. Әдебиеттер

Негізгі:

1. Музееведение. Музеи исторического профиля. Под.ред.проф.Левыкина К.Г. и Хербста В.-М.: 1988 г.

2. Проблема музееведения и народная культура. – Новосибирск: 1999 г.

3. Ревякин В.И., Розен А.Я. Историко-краеведческие музеи. – М., 1983 г

4. Ревякин В.И. Художественные музеи / справочное пособие. – М., 1991

Қосымша:

1. Вести центрального музея Казахстана. Алма-Ата, 1930

2. Кочин Е. Как рождается музей. 1988 г.

6 Курс саясаты
СӨЖ мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін. Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысып отырсаңыз, барлық сабақтарға дайындалып жүрсеңіз, барлық тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындасаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік жоспарында көрсетілген ең жоғарғы ұпайда жинайсыз. Бақылау шараларының жоспарын, сабақтағы тәртіпті бұзушылық және сабаққа кешігушілік жазаланатын болады. Оқу үрдісіне қатысу дегеніміз - сабақтарға қатысу, топтық жұмысқа және талқылауларға дайын, белсенді болу.

Сіздің тәжірибешілік сабақтарға дайындығыңыз сауалдар қою арқылы, үй тапсырмаларын тексеру, топтың жұмысқа қатысуыңызбен тексеріледі. Сабақтарға ескертусіз және кешігусіз қатыссаңыз Сіз 2 ұпай аласыз. Егер Сіз сабаққа дайындалмасаңыз, онда тек қатысқандығыңыз үшін ғана бағаланасыз.Сабақ өткеннен кейінгі дайындық бағаланбайды.

СӨЖ мерзімінен кеш орындалуы (сабаққа дайындықтан басқасы) ұпайдағы төмендеуіне әкеп соғады:

-1 аптада кешігу - 1/3;

-аптадан артық кешігу - 2 есе.

Тәртіп бұзушылық үшін және сабақтың әр түріне кешугі, қатысқандығы үшін ұпай 2-ден, 0,5-ке дейін төмендеуі мүмкін.

Сабақтан шығарылып жібергені үшін қатысқаны үшін қойылатын ұпай және сабаққа дайындығы үшін қойылатын ұпай «0»-ге тең болады.

Әр семестрде пәндердің бөлімдеріне сәйкес өткен тақырыптар бойынша тест түрінде екі аралық бақылау қарастырылған. Егер Сіз бақылау сабағын себеппен босатқан болсаңыз, жеке тапсырма бойынша және оқытушының кеңесімен тапсыру мүмкіндігі ұсынылады. Семестр ішінде екі рет ағымдағы үлгерімнің қорытынды ұпайы анықталады. 50-ден төмен ұпай қанағаттанарлықсызға сәйкес.

Егер сіз аралық бақылауға қатыспасаңыз, онда сіздің рейтингіңіз анықталмайды, яғни ол «0»-ге тең болады.

Қорытынды емтихан тест түрінде өткізілетін болады. Емтиханды немесе жазбаша жұмыстарды орындауда көшіруге тыйым салынады. Пәндер бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша анықталады:


Р1+Р2

Қ= ------------ *0,3+Е*0,4

2

100 балдық шкала бойынша, 1-2 жинаған рейтинг қорытындысы және емтихан анықталады.

Р1, Р2,Е - бұл әрине балл.

0,3; 0,3 және 0,4 - сәйкестендіріліп таразыланған бөлігі, институттың Ғылыми кеңесінің бекітімі бойынша.



Егер сіз емтиханда қанағатсыздандырылғандықтан (кемі 50 балл), онда сіздің пәндік бойынша алған қорытынды рейтинг анықтамайды, ал ведамостке «қанағатсыздандырарлық» деген баға енеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет