Ф-әД-001/046 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет33/42
Дата17.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#191931
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
4. Лекция тезистері Word

2. Мақсаты мен міндеттері: Маршруттың көрсеткіштерін анықтыуды үйрену
3 Лекция мазмұны (қысқаша):
Туризм турлері және олардың сипаттамасы.
Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм - бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу үшін жол сапар кешуі мүмкін
Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
«Туризм» түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі. Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы, жан-жақты құбылыс. Бір көзге қарағанда «туризм» түсінігі кез келген адамға түсінікті термин, өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы әртүрлі телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай отырып, туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық. Алайда, ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның маңызы зор.
Қазіргі туризм классификациясы, бәрінен бұрын территориялық туристік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажетті. Бұл классификацияның мәні туризмнің жеке түрлерін бөліп көрсету болды. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған.Оны тәжірбиеде туризмнің нақты түрін бір түрін блудің мүмкін еместігі түсіндіреді. Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады.мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне, орналасу жолына саяхатқа қатсушылардың құрамына сапасына және т.б.бірақ шешуші ролді атқаратын –саяхаттың мақсаты. Формасы мен кластардан айырмашылығы –туризмнің түрлері өте әр түрлі. Олар бірқатар факторларға бағынышты, олардың ішіндегі ең айырықшалары:
-бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;
-жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамның жке талғамы және материалдық молшылық;
-табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;
-қозғалудың мүмкіндіктерінің болуы және басқалар.
Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді кластарға және түрлерге бөлуге болады. Қоғамдық функциясы менөндірістік технологиясына қарай туризмнің үш негізгі түрін бөліп қарауға болады.емдеу,спорттық-сауықтыру, танымдық. Демалысты дұрыс ұйымдастыру,оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық-сауықтыру түрлерінің маңызы зор,онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.Жоғаыда айтылған түрлері арқылы туризмнің классификациясы құрастырылып жіктеледі.
Туристік ағым мен оның бағытына қарай,сондай-ақ құқықтық статусына байланысты туризм екі үлкен класқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық(шетелдік). Ішкі туризм-бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық – бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристепдің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм-бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты - кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды.Туристің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Бір турист бірден шығуда және кіруде турист бола алады.
Ұлттық туризм ішкі және сыртқы шығу туристік ағымдардан құралады. Бір елдің ішіндегі туризм-ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды.
Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысты. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады(поспорт, виза жасау) валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады. Және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды.Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюуына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді “белсенді емес” дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шынында да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды.ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.
Туризм класификациясының, оның саяхатқа шығу мақсатына қарай бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталастар тудыруда. Көп авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалу мен көңіл көтеру мақсатындағы саяхат (рекреациялық туризм) туризмнің дамуындағы ең негізгі бағыт болып саналады. Оның еншісіне дүниежүзілік туризмнің 70%-ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді, шоп-тур және т.б. Көптеген зерттнушілер туристік дамуында басты ролді танымдық туризмге береді.
Соңғы уақыттарда жеке сапарлар дамуда немесе этникалық туризм-туысқандарына таныстарына немесе ата - бабаларының туған жеріне қыдыру, олар дүниежүзілік тристік ағымның 10%-құрайды.
Іскерлік туризм –бұл саяхат жұмыс мақсатымен ақшалай кіріссіз командировкаға бару. Бұндай сапармен сьезге, ғылыми конгреске, конференцияға симпозиумға; өндірістік семинарда бас қосуға; жәрмеңке, көрме және халықаралық салондарға қатысуға барады және тағы басқалар. Іскерлік туризм-бл болашағы мол және тиімділігі жоғары туризмнің бір саласы.
Туризм түрі жағынан әр түрлі белгілеріне қарай классификацияланған. Ұйымдастыру жағынан қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б) өз жоспары бойынша (әуесқойлық); в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат-ұйымдастырылған туризм деп аталады.Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы - әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның бес адамға дейін)өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап)топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турларархеологиялық мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.
Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді.Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмнің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалыста болып,өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.
Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті.Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, су-шаңғысы спорты,каноэда еспе,желкенді кеме спорты және т.б.Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең тараған.
Су астындағы аңдарды суретке түсіру,олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді.Балық және аң аулау туризмі де барлымызға таныс.Туризмнің сурет,кино,аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрі-аң аулау туризмі.
Соңғы жылдары тау шаңғысы туризмі жылдам дамуда. Арнайы тау шаңғысы курорттары салынуда альпенизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда.
Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа кеуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар-туризмнің бұқаралық түрі болып саналады.Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.Саяхаттың ара қашықтығына қарай туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз.
Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа,демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгідік – ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.
Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді; а)балалар менжасөспірімдер туризмі; б)жастар туризмі; в)ересектер туризмі;
Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а)қонақ үй типті және б) қонақ үй типті емес.
Туристік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді; а)рекреациялық б)экскурсиялық және в)арнайы туризм. Рекреациялық туризмге – емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм-табиғаты мен әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатымен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау.арнайы туризм-арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат.
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, теміржолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүние жүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды. АҚШ-та бұл көрсеткіш 90%құрайды.
Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз-бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен,белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау.Круиздік саяхатта бірінші орында-Нью-Иорк порты. Круиздік туризммен айналысатын елдер; Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса,онан түсетін кірі туристік мекемелердің жұмысының басты нәтежесі болды.бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түінік пайда болды.Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристік мекемелерге де өте тиімді. Сонымен, әлеуметтік туризм-бұл адамдардың өз ақшаларын пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.
Экологиялық туризм (экотуризм) - жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды.сондықтан да оның қалыптасқан туризмнен айыырмашылықтары бар.Олар төмендегідей негізгі белгілері:
-экотуризмнің басты обьектісі болатын ерекше табиғи көрікті көзтарлықтай жерлері болуы;
-туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалдды территорияның болуы;
-басқаларға қарағанда төмен капиталды,материалды және энергосыйымдылығының болуы;
-экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі-экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;
-бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік-экономикалық көтеретіндей дәрежеде болуы;
қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристік ағымдарды әр түрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр.мұсылмандардың ең басты қасиетті «хаджа (орталығы-сауд Арабиясындағы Мекке қаласы. Құдайға табынушы коталиктер папаримскиге ватиканға барады.Туристік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.
Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және практикалық маңызы бар, ол білгенніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет