1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-ді.
Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның же-келей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісі-нің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында жә-не негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұ-рынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік си-патты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп оты-ратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұм-тылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен так-тикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммер-циялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кә-сіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бө-лігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контра-генттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорын-ның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-ды:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |