2) гносеогендік: философия табиғат пен дүние туралы жаңа білімдердің негізінде пайда болды. Білім мифті жоққа шығарғандықтан, философия мифологиядан бөлініп кетті. Мысалы, медициналық білім бұрынғы мифтік түсініктерді жойып шықты. «Қасиетті ауру туралы» атты кітабында Гиппократ эпилепсияның «құдайы» табиғаты туралы мифтік түсінікке қарсы шығып, «табиғаттан тыс ешнәрсе болмайды» деді.
Философия қашан және қайда пайда болды Философия б. д.д. І мыңжылдықта бір уақытта бір-біріне тәуелсіз және дербес түрде ежелгі Үнді, Қытай, Греция жерінде пайда болды
Достарыңызбен бөлісу: |