Түйсіктің бұзылулары, түрлері.
Түйсік сандық және сапалық түрлері бар. Сандық өзгерісі тітіркену табалдырығының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты.
Тітіркендіргішке сезімталдықтың төмендеуі гипостезия деп аталады, Гипестезия депрессияға тән симптом. Сезімталдықтың жоғалуы анестезия деп аталады
Тітіркендіргішке сезімталдықтың жоғарылауы гиперстезия деп аталады.Ол жиі астенизацияланған ауруларда тітіркенген әлсіздік белгілерімен көрінеді. Күннің сәулесі, жай дыбыстар иістерді көтере алмайды, киімнің денеге жабысуы да тітіркендіреді.
Парестезия (көне грекше: παρα- және көне грекше: áisthesis - сезім) — жалған сезім. Ерін, таңдай, тілшырышты қабығының әр жерінде өзінен-өзі пайда болатын шаншу, қызу, шымырлау сезімдер. Бұл кезде науқас буында, аяқ қолда теріде,барлық денеде болатын буып қысу шаншу қозғалу сияқты жағымсыз сезімдерге шағым айтады.Бұл сезім нақтырақ, физикалық, сезімдік сипатта болады
Достарыңызбен бөлісу: |