Трансвестизм - (transvestismus; trans+ vestio- кию; син. эонизм) басқа жыныстың киімін кию арқылы жыныстық қозу және қанағаттанушылықпен сипатталатын жыныстық бұрмаланудың түрі. Эксгибиционизм -(лат. exhibeo- көрсету) басқа жыныстағы адамның көзінше жыныс ағзаларын жалаңаштау арқылы жыныстық қанағаттанушылыққа жетумен сипатталатын жыныстық бұрмалану түрі.
Мазохизм - (masochismus; австриалық жазушы Зохер-Мазох ең алғаш суреттеген; син. енжар альголагния, пассивизм) Бұл өзінің жыныстық партнерынан физикалық ауырсынулар мен моральдік төмендетулерден қозумен қанағат алатын жыныстық бұрмаланудың түрі.Өзін партнерының алдында әлсіз сезінгенді ұнатады, мазохизм бұл нормадан бұрмаланушылық.
Вуайеризм -жыныс мүшелерін сығалаудан қанағат алатын жыныстық бұрмаланудың бір түрі. Жыныс актісін көруге, жыныс мүшелерін сығалауға деген құмарлық мектепке дейінгі жастағы балалардың ¼ кездеседі, 7-11 бұл құмарлық әр бір 3-ші балада кездеседі, 6 % қыз балаларда кездеседі.
Садизм - (sadismus; франц. жазушысы Маркиза desade атымен; син. белсенді альголагния) –жыныстық зорлаушылдық, яғни партнерына физикалық және психикалық ауырсыну тудыру арқылы ләззәт алады. Агрессияға байланысты сексуалды қылмыс жасайды. Садизмнің соңғы дәрежесінде өлтіруге байланысты ләззат алу.