“Ғ. Мүсірепов атындағы №53 жом” кмм тақырыбы: «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытудың ерекшеліктері


«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»



бет4/4
Дата15.01.2022
өлшемі125,43 Kb.
#112076
1   2   3   4
Байланысты:
Кәсіпкерлік

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»

10-сынып

11-сынып

1-бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

2-бөлім. Заманауи жағдайдағы кәсіпкерлік

3-бөлім. Әрекеттегі маркетинг

1-бөлім. Стартап акселатор

2-бөлім. Стартап акселатор

3-бөлім.Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы.

4-бөлім. Даму стратегиясы

Негізгі бөлім

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытудың ерекшеліктері

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ҰКП бірлесе «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін әзірлеу жұмысының жобасын жүзеге асырудың жоспарын дайындады. Алдыңға қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйенсек, бұл пән арқылы жастар арасында бәсекелестіктің дамуын алға қою мүмкіндігі басым. «Оқулықтың әрбір бөлімі өзінше қызықты материалдан құралады. «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жобалық офисінің жетекшісі Нұғман Жұлдызбаевтың пікірінше, баланы кәсіпкерлікке мектеп жасынан бастап баулу қажет. Ол үшін мектеп бағдарламасына ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2019 жылы жоғары сынып оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілген. Ұсынылып отырған пән Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Қазақстанның модернизациясы аясында және алға тартылған басымдықтардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге сәйкес Қазақстан Республикасының мектептеріне арналып әзірленді.

 «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруы үшін өте керек. Алайда бұл – міндетті емес, элективті пән. Әдетте жоғары сынып оқушысы болашақ мамандығын, өзінің баратын саласын таңдап қояды. Сондықтан, менің ойымша, бұл пәнді төменгі сыныптан бастап оқытқан жөн», – сыныптағы оқушылардың тек жартысы кәсіпкерлікке қызығады. Кәсіпкерлік қабілеті — бұл XXI ғасырдың қажетті дағдысы болып табылатын өнертапқыштық, яғни өмірде әлі жоқ жаңа нәрселерді ойлап таба алу және іске асыра білу мүмкіндігі.  

 

Кәсіпкерліктің пән ретіндегі ерекшелігі — оған басқа пәндерге қолданылатын классикалық оқыту әдістерінің жарамсыздығы. Материалдық бөлімді ғана оқу арқылы, теория жүзінде кәсіпкерлікті үйрену мүмкін емес. Логикаға және ойға қонымды, саналы және талдаудан өткен, түзетілген және қайталанған әрекеттерді орындау ғана кәсіпкерлік ойлаудың қалыптасуына әсер етеді. Кәсіпкерлік ойлаудың қалыптасуы білім алушылардың барлығы бірдей бизнеспен айналысады деген сөз емес, бірақ ол болашақ мемлекеттік қызметкерлерге, кез келген ортаның басқарушыларына, нақты бір менеджерлер немесе атқарушы-мамандарға жақсы көмек болады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні білім алушыны ЖОО-ға түскенге дейін қай салаға және қызмет түріне барғысы келетіндігін өзінің толықтай түсінуіне жол сілтейтін ішкі үдерістер, міндеттер және нарықтың кез келген субъектісіне әсер етуі туралы түсінік беру, әртүрлі өмір жағдайларында бейімделуге мүмкіндік беретін қосымша мамандық беруге бағытталған. Түсінгеніңіздей, бұл оқулық өзінің табиғаты бойынша өзгеше және осы өзгешелік оның барлық түрінде көрсетілген, оның краудсорсингті пайдалану арқылы өңделу форматынан басталып (қоғамның әлеуетін пайдалану), оқыту контенті және үлгісімен аяқталады. Кәсіпкерлікті академиялық түрде үйренуге болмайды, бірақ әрекет ету арқылы үйренуге болады. Сол себепті оқулықтағы теориялық материалдың үлесі жалпы көлемнің 30 %-ын құрайды, қалған бөлігі — тәжірибелік білім, тақырыптық ойындар және т. б. Оқу бағдарламасында кәсіпкерлік және бизнестің өзектілігі немесе өзекті еместігі, дұрыс немесе бұрыстығы туралы үлкендердің беделді субъективті пікірін мәжбүрлеп міндеттеуді емес, керісінше оған жеке қатынасының құрылуымен шарттастырылған, жасөспірімнің өзі түсінуі және өз таңдауы үшін психологиялық жауапкершілік алуы қарастырылған коучинг тәсілі қолданылған.

Кәсіпкерлік ойлау қабілеті — бұл өз ісін ашқысы келген болашақ кәсіп кердің ғана емес, сонымен бірге қазіргі уақыттағы бәсеке ге қабілетті болғысы келетін әрбір азаматтың бойында болуы тиіс және де күнделікті дамытуды талап ететін қасиет. Сіз ешқашан өз ісін ашып табысқа кенелген кәсіп керлер қатарында болмауыңыз мүмкін , бірақ, сіз осы пәнді оқу барысында алған білік, дағдыларыңызды күнделікті өмірде пайдалана отырып өмірге деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз, өмірге кәсіпкердің көзқарасы тұрғысынан қарап үйренесіз. Кәсіпкерлерге ойлаудың үш ерекше қабілеті тән — олар белсенді, жауапкершілігі мол жәненәтижеге жетуге ұмтылады. Мұндай ойлау қабілеті бар адамдар ешқашан дайын нәрсені күтіп отырмайды, олар кез келген істі алдын ала жоспарлайды, өз ісіне сенімді болады және жоспарлған ісін жарты жолда тастап кетпейді. Өз идеясын іске асыру үшін олар жаңа бастамаларды қолға алуға, сондай-ақ іс-әреке тін қатаң қадағалап, кез келген істе жауапкершілік алуға әрдайым дайын тұрады. Егер қиындыққа тап болса , олар бұл жағдай үшін басқа адамдарды немесе жағдаятты кінәламайды, сынамайды және шағымданбайды. Қарапайым адам әдетте пассионарлық тәсілдің (белгілі бір мақсатқа ұмтылу және сол мақ сатқа жету үшін үлкен құрбандықтарға бара алу дегенді білдіреді) қағидаларын ұстанбайды, өйткені ол өте сақ, тәуекел етуден қорқады және ешқашан ешқандай жұмысты өз еркімен мойнына алмайды, қиындықтарға тез көнеді және оған біреу келіп не істеу керегін айтпайынша, қол қусырып отыра береді. Басына қиын дық түскен жағдайда ол әдетте кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдар дан қолдау күтіп, соларға сенім артады.

ҚОРЫТЫНДЫ.

. Қорытындылай келе, кәсіпкерлік және бизнес осы салаға келгісі келетін барлық ынталы адамдардан ерекше шығармашылық пен зияткерлік әлеуетті, өз мақсатын сауатты жоспарлай білуді және қолда бар ресурстарды дұрыс пайдалануды талап ететінін айта кету керек. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызмет болашақ нәтиже бұлыңғыр болатынына дайын болуды және ешқандай демалыссыз жұмыс істеуді, өзін толық осы қызметке арнауды талап етеді.



Көптеген түлектерге жұмыс процесіне бейімделу қиын, өйткені онда жұмыстарды орындау мерзімі қатаң есепке алынады. Оқушылар күйзеліске, толқуға ұшырап, асыққаннан жұмыс сапасы зардап шегеді, ал жұмыс мерзімінде орындалмай қалуы мүмкін. PBL әдісі бойынша жұмыс уақытпен қатаң шектеледі, ал жұмысты бағалау кезінде командалық орындау есепке алынады. Сондықтан жобамен жұмыс кезінде оқушылар қатаң дедлайндарға үйреніп, жұмыс сәттерін еңсеріп, орындалатын жұмыстың сапасына нұқсан келтірмей, нәтижеге шоғырлануға үйренеді. Оқу бағдарламасын және білім беру әдістемесін құру кезінде, балаларды шынымен де пайдалы, тиімді әрі өмірлік маңызды дағдыларға үйрету туралы көп мән берілген. Мектеп балаларға қажетті білім мен дағды беру арқылы шынайы өмірге даярлауы керек

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет