Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Тұрақты дамуға көшу өлшемдерін талдау



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

7.3 Тұрақты дамуға көшу өлшемдерін талдау
 
Қазақстан 
Республикасының 
көптеген 
әлеуметтік-экономикалық 
проблемаларының негізінде елдің ресурстарды өндірумен салыстырғанда 
оларды тепе-тең тұтынбау жағдайындағы тарихи қалыптасқан теңгерімсіздік 
жатыр. Егер елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін энергетикалық 
пайдалы құндылық – гигаватпен (ГВт) өлшенетін қуатты өлшеу негізінде 
жалпы өлшем бірлігіне негіздесе, онда қазіргі ысырапты бағалау мүмкін 
болады. 
Сонымен, 2005 жылы 29,4 ГВт мөлшерінде өндірілген жиынтық өнімді 
алу үшін елімізде тұтастай алғанда 94,85 ГВт мөлшерінде қорлар тұтынылды. 
Бұл - жыл бойы еліміздің 65,45 ГВт қуатының резерві ысырап болды немесе 
жеткіліксіз пайдаланылды деген сөз. Бұл Қазақстан Республикасында 
қорларды пайдалану тиімділігі көрсеткіші (ҚПТ) салыстырмалы түрде төмен 
екендігін көрсетеді, ол қазіргі кезде 31 пайызға тең. Бұл орташа әлемдік 
деңгейден артық, ол 24 пайызға тең, бірақ әлемнің технологиялық жағынан 
неғұрлым дамыған елдерінен: Жапониядан - 36%, АҚШ-тан – 34%,
Германиядан - 33 % кем.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың негізгі өлшемі болып 
табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің неғұрлым дамыған 
елдерінен артта қалып келеді. 


83 
Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы негізгі құрамдас бөліктермен: өмір 
сүрудің ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейімен және қоршаған ортаның жай-
күйімен айқындалады. 
Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) 
өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның 
коэффициенті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болғанда, Қазақстан 
1,17 коэффициентпен 78-ші орында тұр. 
Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір 
сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі 
түрде артта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 
2005 жылы 65,9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа 
жақындайды. 
Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен 
халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін, 
экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса 
алғанда Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-орында тұр, ал 
көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш 
87-88 балға жеткен. 
Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша елдер 
рейтингінде 80-ші орынға ие. Сонымен, 2024 жылға дейін Қазақстан 
Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі барынша бәсекеге 
қабілетті және дамыған елдердің қатарында орнығу үшін ресурстарды 
пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық 
тұрақтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажет. 
Жүргізілген есептеулер әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан 
тұрақты орын алу үшін Қазақстан 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде 
мынадай параметрлерге сәйкес келуге тиіс екенін көрсетеді: 
- ҚПТ - кемінде 43 %; 
- қорларды пайдалану жиынтығы - кемінде 246,86 ГВт; 
- өндірілген жылдық жиынтық өнім - кемінде 113,1 ГВт. 
Болжамға сәйкес, осы кезеңде дәл осындай өлшемдерге әлемдегі 
неғұрлым бәсекеге қабілетті елу ел сәйкес келетін болады. 53%-ға тең ҚПТ 
кезінде «тұрақты даму» траекториясына шығу және жаңартуға келмейтін 
табиғат байлықтары есебінен емес, неғұрлым тиімді, «озыңқы» технологиялар 
есебінен экономиканың өсуі қамтамасыз етіледі. 
Қазақстан Республикасы халқының саны тұрақты дамудың маңызды 
өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара 
айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы 
тұрақсыздық факторы болып табылады. 
Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру үшін қиын және 
халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою 
мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру 
қажет, 
сонымен 
бірге 
экономикалық 
мүмкіндіктерді 
өрістету, 
қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және 


84 
мәдени 
әлеуетін 
сақтау, 
өңірлер 
арасындағы 
атап 
айтқанда, 
инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты 
жағымсыз саралануды еңсеру қажет. 
Халық санының неғұрлым оңтайлы мақсатты деңгейі 2024 жылға қарай 
18 миллион тұрғынға қол жеткізу болып табылады. Ол үшін табиғи өсім 
көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кезде -8,0), өмір сүрудің 
орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға 
шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі. 
Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтықты 
7,5 жылға (қазіргі кезде - 11 жыл) азайту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет