30
байланысты тұщы болған. 1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды,
ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу
нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің
өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден
5,6 км
3
/ жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ден
астам төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың км
2
кеміген.
Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (1,2 г/л -
ден 1,9 г/л, ал Балқаш қаласы маңында 2,2 г/л - ден 2,3 г/л-ге дейін). Судың
минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың
шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп
түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу
жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана
емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.
Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
Республикамызда 8643 тұрақты және
уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км.
Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер
бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей.
Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен
сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км
2
-қа шаққанда
0,13 км - 0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады.
Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы
және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы
өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың
тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз
пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан
алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге
байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын
торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің,
Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл
және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып
құяды.
Достарыңызбен бөлісу: