59
мақсатта пайдаланылғанына байланысты болып келеді. Судағы органикалық
заттардың тотығуы үшін қажет оттектің мөлшерін су көзіне жарамды тұрақты
мөлшерін анықтау керек. Оттектің соңғы шығындалуы ауа арқылы
толтырылып отырады.
Тотығу процесі бір-бірінен кейін кезектесіп жүретін екі фазадан тұрады.
Бірінші фаза нәтижесінде көмірқышқылы мен су пайда болатын негізінен
көміртек пен сутек тотығады, ал екінші фазада азот тотығады. Соңғы фаза
нитрификациялану деп аталады.
Қазіргі кезде көптеген өзендер мен су көздері төгінді сулармен
ластанған және де олардың өзіндік тазалану қабілеті шектеулі болып отыр.
Қоғамдық су айдындарына өнеркәсiптiк ақаба суларды ағызу шарттары қазiргi
нормалар және ережелермен қатал реттелген. Бұл шарттар жеке алғанда су
көздерінің дәрежелерiне, су көлемінің өзгеруіне, ақаба сумен араласуына,
еріген оттекке, улы заттардың рұқсат етілуіне және т.б. байланысты
анықталған. Бұдан басқа, судың дәмі, иісі және түсі де ескеріледі.
Ақаба су тасталынғаннан кейінгі су айдынындағы су құрамындағы
тасынды заттардың көлемі 0,25 мг/л - 0,75 мг/л-ден аспау керек, бұл бірінші
және екінші категориядағы су көздеріне арналған. Судағы тіршілік ететін
организмдерге қолайлы жағдай жасау және су көздерінің өзіндік тазалану
қабілетін жақсарту үшін, төгінді су тасталынғаннан кейінгі судағы оттектің
мөлшері 4 мг/л кем болмауы керек. Құрамында ауру тудырғыш заттар бар
ақаба суларды бірінші категориялы су көздеріне тастауға рұқсат етілмейді, ал
басқа категориядағы су көздеріне алдын ала түссіздендірілгеннен және
залалсыздандырылғаннан кейін тастауға рұқсат етіледі.
Егер су көздерінің өздігінен тазару қабілетін есепке алса, онда тазалау
құрылымдарын үнемді және нақты етіп жобалауға болады. Сондықтан
жобалау барысында гидрогеологиялық, гидрометриялық мәліметтерге және
де оттек балансына көңіл бөлу керек. Ақаба суларды су көздеріне тастамастан
алдын ондағы тасынды заттарға, оттекті тұтынуына, улы заттардың
концентрациясына байланысты анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: