Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет29/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып


7-тақырып. Денсаулық — зор байлық


Білімділік:


Тақырыптың аясында қазақша қарапайым сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.



Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі cөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқушыларды сала- матты өмір салтын ұстануға үйрету.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша дұрыс тамақтану жөнінде қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы дұрыс тамақтану нормаларын сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Тез бұзылады, ескерту, жиі, сапа, қазы-қарта, артық салмақ.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, бу- клеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, кластер, жағдаяттық тап- сырма, «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір- біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты дайындалған слайдтарды көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, сендер дұрыс тамақтанасыңдар ма? Дұрыс тамақтану ережелерін білесіңдер ме?

Сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз- ша жаттығу жүргізеді.




101

5-сынып. Мұғалім кітабы



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Айтылым. 1, 2-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым. Суретте берілген тағамдарды атайды, сұрақ- тартыңжауабын белгілейді.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.



Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машық- тандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тап- сырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлем құрайды.

4. Сергіту сәті. Кластер (6-тапсырма) құрғызады.

«Фастфуд тағамдары» деген тақы- рыпта кластер құрайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тілдесім. Оқулықтағы 8 -тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.

6. «Кел, жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді оқиды, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, жаттайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Дұрыс тамақтану ережесін құрастыртады.

Дұрыс тамақтану ережесін құрастырады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.

«Фастфуд тағамдары» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім әр оқушыға А4 парақ таратады.

Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.

11-12-сабақ




Сынып: 5 күні:23.01

Сабақ тақырыбы:


Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?



Тақырыптың аясында қазақша қарапайым сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.

Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.

Жазылым. Айтылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады, сөз екпінін қойып оқиды, мәтінді екінші жақтан баяндайды, сөйлем құрайды, дауысты дыбыстардың астын сызады.


Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.



Жетістік критерийлері:


Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде зиянды, пайдалы тағамдар жөнінде қазақ- ша ақпарат бере алады.



Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы жартылай дайын өнімдерджі, дәрумендерді сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен модуль аясында қазақша тілдесе алады, сұхбаттасады.

Негізгі түсініктер:

Денсаулық, байлық, фастфуд тағамдары, дүкен, кока-кола.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желім қағаздар, суреттер, карточка- лар, А4 парағы, түрлі- түсті қарындаштар мен фломастерлер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диаграмма, синквейн, жұптық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен- жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз жанды жадыратар. Мұғаліммен бір- ге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың нәтиже сабаққа кіргізу мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Көрген суреттерін сипаттап берулерін сұрайды.

Слайдтарды сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жа- зылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диаграмманы толтырады.




Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсыр- маны орындатады.

Оқылым. Жазылым. Ғаламтордан алынған мате- риалдарды оқиды, мәтін құрап жазады.




Б) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптас- тыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Жұптық жұмыс. Тілдесім әрекетіне түседі, сөзжұмбақ құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

«Үздік сценарий» бәйгесін ұйымдастырады.



«Ең үлкен байлық» тақырыбында ұсынылған ертегінің идеясы сақталады. Мәтін бойынша жаңа нұсқада қойылым сценарийін жазады.

IV. Бекіту

Тақырыпқа қатысты бес сөзді синквейн құрастыруларын сұрайды.

Жаңа сөздерді пайдаланып, синквейн құрастырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу бары- сын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқа- ғаздарды жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет