Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет77/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

7—8-сабақ





Сабақ тақырыбы:

«Мен жастарға сенемін».

Білімділік:

Сөйлесім барысында қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушыларға тақы- рып жайлы толық ақпарат беру.

Дамытушылық:

Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау, дұрыс ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Қазақша сипаттау мәтіндері негізінде оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қарапайым тілдік үлгілер арқылы өлеңнің желісі жайлы айтады., негізгі ойды табады, сұрақтарға жауап береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): жаңа тақырыпқа қатысты өз ойын айтады, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтай алады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): шығармаға қатысты сыныптастарымен пікір ал- масады, қосымша ақпарат көздерінен алынғандеректермен бөліседі, сұхбат құрады.

Жаңа сөздер:

Айбатты, қайратты, қанатты, ұмтылу, көздеу, сену.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, «Ұлы Отан соғысы» жайлы деректі фильм, үлестірмелі материалдар, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, диалог, семантикалық карта, «Ку- бизм» әдісі, эссе, «Тірек сөздер» стратегиясы, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тре- нингін өткізеді.

Оқушылар сәлемдеседі, бір-бірі- не жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мақсатында электронды оқулықтан

«Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлепоқып береді,

өлеңнің тақырыбы мен идеясы жайлы сұрайды.


Өлеңді тыңдайды, өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таны- стырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушы- ларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен

ауызша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтін құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды, түсінгенін баяндайды.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Өлеңнен сын есім- дер мен зат есімдерді табады, сөйлем құрайды.




Б) Оқылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрас- тырады.




В) Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындата- ды.

Айтылым. Өлеңді түсініп оқиды, мазмұнын өз сөзімен айтады, өлеңнің авторытуралы қысқаша әңгімелеп береді.




4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жаса- тады.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтіннен сан есім- дерді табады, сөзбен жазады, сөйлем құрастырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жеке жұмыс. «Мен жастарға сенемін» тақырыбында эссе жаздырады.

Жазылым. Эссе жазады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 10-тапсырманы орында тады.

Диаграмманы толтырады.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөздерді оқиды, талдатады.

Сөздерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған парақ таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет