«Қабдеш Жұмаділов, Әбіш Кекілбаев шығармашылығы» тақырыбы бойынша түсінгендеріңді қысқаша баяндаңдар. Хронологиялық кесте құрастыру
1956ж
«Жамал»
1967ж
«Жас Дәурен»
1968ж
«Қаздар қайтып барады»
1974-81жж
«Соңғы көш»
1985ж
«Атамекен»
1988ж
«Тағдыр»
1996ж
«Дарабоз»
2003ж
«Қыл көпір»
2008ж
«Мәңгілік майдан»
1962ж
«Алтын шуақтан» бастау алған «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Дәуірмен бетпе-бет», «Бір уыс топырақ», «Тырау-тырау тырналар», «Ұйқыдағы арудың оянуы», «Шыңырау», «Үркер», «Елең алаң» атты туындылары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланды.
1981ж
«Үркер》
Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған оқиғаларды мазмұндап беріңіз. Романның мазмұнына, негізгі айтары түйініне өзіндік ойыңызды білдіріңіз.
Романдағы берілген басты оқиға екі алпауыт мемлекеттер Ресей мен Қытай арасындағы шекара бөлінісі болса, бірақта оның астарында қазақ жерінің, ұлы даланы жандарын пида етіп қорғаған батырлардың рухы жайлаған жерді талап алулары еді. Содан барып қазақтың көшпелі мәдениетіндегі өзгерістер мен отырықшылық мәдениетке үйрену, жылдар бойы қалыптасқан қағидаттардың бұзылуы еді. Және де қытайлықтардың қамал қорған тұрғыщып, қазақтардың өміріне еркін араласулары жанға бататындай жағдай еді. Ал осындай заманның шындығы мен тарихи құндылықтарын жеткізе білген бұл романның бас кейіпкері Демежан еді. Ол елдің елдігін сақтау жолында талай еңбек атқарып, ауызбіршіліктің іргетасын құлатпау үшін тер төгеді. Романда берілген оқиғалар желісі Демежан төңірегінде өрбіп отырады. Себебі, Демежан қытайдың шекарада орналасқан әкімшілігіне қызмет ете отырып, өз халқының амандығын ойлап жүреді. Сол кездерде орын алған жағдай Петербург келісімшартына сәйкес шекара бөлініс кезінде бірге болып, осы іске куә болады. Ал жазушы болса, негізгі кейіпкер Демежанды бейнелеу арқылы өмір сүріп отырған қоғамның, әлеуметтік ортаның шындығын көрсетуге тырысқан деп ойлаймын.
Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман. Бұл романда жазушы Қытайдағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкіметтің 1911 жылға дейінгі тарихи жағдайларына байланысты қазақтардың өмірін, күресін қайраткер тұлға Демежан арқылы көрсетеді.
Романдағы басты оқиға орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі болса, оның сыртында қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйрену, қытайлықтардың қамал-қорған тұрғызулары секілді тарихи маңызы зор оқиғалар да орын алған.
Жазушы шығармашылығынан қазақ өмірінің, салт-дәстүр, әдет-ғұрпының алар орны мол. Сондай-ақ, роман мазмұнын ашып, авторлық идеяны жеткізуде бұл баяндаулардың алар орны да айтулы болмақ.
Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң», «Үркер» романдарының негізгі тақырыбы. Бұл шығармалардың басты ерекшелігі неде деп ойлайсыз?