Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Жарияланды 27-11-2013, 10:03 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» (7 - сынып)
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің мазмұнын меңгерту, тақырыбын, идеясын ашу, аңыз туралы әдеби - теориялық ұғымдарын кеңейту; Дамытушылық. Дүниетанымын, қабылдауын, қиялын, образды ойлауын дамыту. Тәрбиелік. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге, аталы сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс – тәсілі: баяндау, талдау, проблемалы ізденіс
Көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесін мазмұндау.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
Сұрақтар арқылы.
1. С. Мұқанов жайлы не білеміз?
2. Шығармаларын ата.
3.«Есіл бойында» әңгімесі не жайында?
4.«Саятшы Ораз» әңгімесі қай шығармадан алынған?
5. Әңгіменің композициясын баянда.
4. Сабақтың мақсатын қою.
5. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Ғ. Мүсірепов ауылында дүниеге келеді. 1908 - 1910 ж ауыл мектебінен дәріс алып, діни сауат ашқан. 1916 - 1918 ж екі сыныптық ауылдық орыс мектебінде, 1918 - 1921 ж жоғары бастауыш мектебінде, 1923 - 26ж Орынбор қаласында рабфакта оқыған. Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген. (1926). 1927 - 1928ж Бурабай орман шар. Техникумында оқытушы, 1928 - 32ж Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1933 - 34 ж сол кездегі Қазақ АКСР Оқу халық комиссариатының оқу сектор меңгерушісі, 1934 - 36 ж «қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1938 - 55 ж бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан.
Шығармаларын жанрлық түрлеріне қарай былайша топтастыруға болады.
Әңгімелері: «Ананың анасы», «Ер ана», «Талпақ танау»
Повестері: «Қос шалқар», «Тулаған толқында»
Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан»
Драмалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Балладалары: «Жапон балладасы»
Ғылыми еңбектері: «Заман және әдебиет», «Суреткер парызы», «Дәуір дидары»
Сондай - ақ «Кездеспей кеткен бір бейне» прозалық поэмасы бар. Ғ. Мүсірепов қоғам қайраткері ретінде 1932 жылы халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында республикаға танымал адамдармен бірлесіп, БКП қазақ өлкелік комитетіне «Бесеудің хатын» жолдады. О. Генридің, М. Горькийдің, М. Шолоховтың, А. Сафоновтың пьесаларын қазақ тіліне аударды.
Негізгі бөлім.
Мәтін мазмұнымен таныстыру. Көркем тілмен баяндау.
«Ананың анасы» әңгімесінің тақырыбы - бүкіл тіршіліктің иесі ананың алдында бас ию. Идеясы - аналарды қадірлеу, құрметтеу.
«Ананың анасы» әңгімесінің композициясы:
Шығарманың экспозициясы. Оқиға ақ бас, соқыр қарт Әйтілестің: «Оқыңдар, шулап!» деп қойып, іркіт сабасындай іркілдеген молда мен саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтатын әңгімесінен басталады.
Байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы, қалың жылқыны барымталауы, тезек теріп келе жатқан жас қызды олжалауы.
Шиеленісу: Іздеп келіп қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, артынан қуып келген қыз анасының барымташылардың алдын орап алуы.
Шарықтау шегі: Әумесер Кейкінің үкімі - қызды шешесімен бірге ат жалына өңгертіп, күңдікке алып кету.
Оқиғаның шешімі: Сөзден жеңіліп, ойға шомып, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық беруі.
Әдеби - теориялық ұғымдарға тоқталу.
Шығарманың арқауы дегеніміз – оқиға желісі, оның дамуы.
Сюжетті шығармалар дегеніміз - батырлар жыры ертегілер, әңгіме, хикаят, романдар. Сюжетсіз шығармалар - көңіл күйге байланысты өлең.
Аңыз. Эпостың көне түрлерінің бірі - аңыз. Бұл да миф секілді, әсіресе, қиял араласқан фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті, өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар, аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Ғ. Мүсіреповтың бұл әңгімесінің аңыз деп айтылуының бір себебі - Әйтілестің аңызға айналған адамдардың басынан өткен уақиғаны әңгімелеуі.
Түсінгенін тексеру.
Жалпақ батырға, анаға үлгі бойынша образдық талдау жасау.
1. Кейіпкердің портреті.
2. Кейіпкердің мінезі.
3. Ұнамды немесе ұнамсыз іс - әрекеті.
4. Мақсаты.
Проблемалық ой тастау.
1. Оқушылар, әңгімеден тарихи шындыққа лайық салт - дәстүрлердің қандай түрлерін кездестірдіңдер?
2. Жалпақ балуанның орнында өзіңіз болсаңыз, не істер едіңіз?
3. Шығармада қай эпизод сізге ерекше әсер етті?
Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі тірек сөздерді жазып шығу.
Ана туралы қандай мақал - мәтелдерді білеміз?
Ана тақырыбындағы бір ән шырқайық.
6. Білімді бекіту.
«Сөйлемді жалғастыр» ойыны
1. Ғабит Мүсірепов –
2. Ғ. Мүсірепов шығармаларын...
3. «Ананың анасы» әңгімесі -
4. Аңыз дегеніміз –
5. Шығарманың тарихпен байланысу себебі -
6. Шығарма кейіпкерлері –
7. Бағалау.
Кері байланыстың болуы.
8. Үй тапсырмасы.
а) Әңгімені оқып, мазмұндау.
ә) 150 сөзден тұратын «Ана махаббаты» тақырыбында ойтолғау жазу.
Сабақтың тақырыбы
|
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы" 2- сағаты
|
Сабақтың
танымдық мақсаты
|
Оқушыларға әңгіменің сюжеттік желісін талдата отырып, негізгі идеясын түсіндіру.
|
Сілтеме
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық; Үшінші деңгейге арналған ресурстар;
|
Дереккөздер мен жабдықтар
|
интернет материалдары; интерактивті тақта, флипчарт, маркер, стикер, смайликтер
|
Күтілетін нәтиже
|
1. Әңгіменің негізгі идеясын түсінеді.
2. Идеялық мазмұнына талдау жасай алады.
3. Әңгімеде айтылған ойды өмірде іске асыра алады.
|
Кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Тапсырмалар
|
Оқу үшін бағалау және
оқуды бағалау
|
Мотивациялық кезең /10 мин/
|
1 мин
|
Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.
|
|
|
|
4 мин
|
Психологиялық ахуал.
Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызыппсихологиялық тренинг ұйымдастырамын және топқа бөлу үшін қиындылар таратамын.
|
Сынып оқушылары шеңбер бойына тұрып, өз аналары туралы айтады . Туыстық атаулар (әже,ана,апа) арқылы топқа бөлінеді. Топ ережесін хормен еске түсіреді.
|
Психологиялық тренинг.
"Менің анам"
|
Қол шапалақтау
|
5 мин
|
Алтын балыққа арналған аквариумга 3 оқушыны шақырып, тапсырмаға бағыт- бағдар беремін.
|
3 топтан аквариумге 3 бала келіп, ортада сызылта, теңселе билеп жүреді , ал сынып оқушылары өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
|
"Алтын балыққа арналған аквариум"
(үй тапсырмасына шолу)
|
Мадақтау, ынталандыру, белсенді жауап берген оқушыларға смайликтер тарату.
|
Операц иялық кезең
15 минут
|
5 мин
|
Оқушыларға интерактивті тақтадан бейнеролик көрсетіп, сол туралы идеяларын білемін.
|
Оқушылар бейнеролик арқылы өз ойларын топ болып ақылдасады. Топ ішінен кезбе тілші сайлап , өз ойларын кезбе тілшіге білдіреді.
|
"Көргенімнен түйгенім"
(бейнекөрсетіліммен
жұмыс)
"Кезбе тілші"
|
Мадақтау, ынталандыру, белсенді жауап берген оқушыларға топ басшысы смайликтер таратады
|
5 минут
|
Оқушыларға флипчарттар таратып, жұмысқа бағыт- бағдар беремін
|
Оқушылар әңгіме желісі бойынша ойларын жинақтап, постер дайындайды және топ ішінен 1 оқушы жұмысын басқа топтардың алдында қорғайды.
|
"Бірге ойлаймыз"
(Постер қорғау)
|
Мадақтау, ынталандыру, белсенді жауап берген оқушыларға топ басшысы смайликтер таратады.
|
4 минут
|
Оқушылардың әңгіме бойынша білімдерін одан әрі нығайту үшін проблемалық сұрақтар беремін.
|
Әр топ проблемалық сұрақтарға өз ойларын білдіріп, өмірмен байланыстыра жауап береді.
|
Проблемалық ой тастау
1.
2
3
|
белсенді жауап берген оқушыларға топ басшысы смайликтер таратады.
|
|
1 минут
|
Оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырамын.
|
Топ оқушылары 1 минуттың ішінде бүгігі тақырыпқа қатысты сөздерді табады.
|
Сергіту сәті
Мюнстернберг
|
Белсенді жауап берген оқушыларға топ басшысы смайликтер таратады.
|
Рефлексиялық кезең
15 минут
|
7 мин
|
Әр топқа әр түрлі шығармашылық тапсырмалар беремін.
|
Оқушылар шығармашылық тапсырманы топ болып орындайды.
|
"Шығармашылық шыңына"
1 топ- әңгімені композициялық құрылысына талдау.
2 топ - ана туралы ойтолғау жазу.
3топ -ана туралы өлең шығару.
|
Мадақтау, ынталандыру, белсенді жауап берген оқушыларға смайликтер тарату.
|
3 мин
|
Оқушылардың смайликтерді қаншалықты жинағандарына қарай бағалау шкаласы арқылы бағалаймын.
|
Оқушылар өздеріне берілген смайликтер санын есептейді.
|
Бағалау
|
|
2 мин
|
Оқушыларға стикер таратып, бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс қалдыруын айтамын.
|
Оқушылар сабақ бойынша пікірлері мен ұсыныстарын сұрақтары бар қорапқа салады.
|
«Сұрақтары бар қорап» әдісімен кері байланыс
|
|
Үй тапсырмасы
|
5 мин
|
Эссе "Ана- менің таусылмайтын жыр- әнім"
|
Сабақтан кейінгі рефлексия
|
Не сәтті өтті?
Неліктен?
|
Не сәтсіз өтті?
Неліктен?
|
Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін
не істеймін?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Керімбаева Бақыткүл
№23 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: автор туралы мәлімет беру, әңгіменің
мазмұнымен таныстыру,жазушының анаға деген
сүйіспеншілігін оқушы сезімімен ұштастыру;
қазақ елінің өткен
тарихына, тұрмыс- тіршілігіне назарын аударту
Ә)Тәрбиелік: оқушыларды ананы құрметтей білуге,
мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу,
дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің
нұрынан, ананың мейірімінен
тарайтынын ұғындыру.
Б)Дамытушылық: әдеби тіл нормасын меңгерген, шығармадан
алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыра
алатын, логикалық ойлау қабілеті қалыптасқан,
жан-жақты дамыған жеке тұлға дамыту
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақтадан көрсетілетін слаидтар,жазушы портреті, шығармалары.
Сабақтың әдісі: баяндау, сатылай кешенді талдау, топтастыру
Сабақтың түрі: жаңа мағынаны тану
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру: а)Сәлемдесу
ә)Оқу- құралдарын тексеру
б)Бағалау парағын үлестіру
ІІ. Сабақтың жарнамасы:
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
М. Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»
ІІІ.Жаңа сабақ:
1.Молда оқуы
2.Әйтілес әңгімесі:
А) Жорық
Ә) Кездескен қыз
Б) Ана айласы
ІҮ. Сатылай кешенді талдау
«Ананың анасы»әңгімесі жазушы
1.Авторы-Ғабит Мүсірепов драматург
академик
қоғам қайраткері
әңгімелері «Қос Шалқар»
«Талпақ танау»
«Жапон балладасы»
«Ашынған ана»
«Ер ана»
«Ақлима»
«Ананың арашасы»
«Өлімді жеңген ана»
Романдары: «Қазақ солдаты»
«Оянған өлке»
« Кездеспей кеткен бір бейне»
2.Тақырыбы-Ананың баласына деген ұлы махаббаты
3.Эпикалық жанр түрі-әңгіме
4.Негізгі идеясы- түн ұйқысын төрт бөліп өсірген Ананы құрметтеу,
сыйлау
5.Шығарманың композициялық құрылысы
5.1.Шығарманың экспозицясы (дайындығы)-молда оқуы
5.2.Сюжеттік байланыс-қалың жылқы, ұрланған қыз
5.3.Шиеленісуі –жылқышының мерт болуы, қуып келген қыз анасы
5.4.Шарықтау шегі-Ана сөзі
5.5.Шешімі-Ана мен қызына берілген бостандық
6.Кейіпкерлер бейнесі
6.1.Жағымды-
6.2.Жағымсыз-
7.Әдеби теорялық ұғымдар
Теңеу: етектей сақал, күмістен құйғандай ақ сақал, құйған пештей, ұршықтай
ойнап, бөкендей бүктетіліп
Эпитет: шалқыған шанқай түс, жалба- жұлба тері тон, сағал-сағал тері шұбырған,
надан молдадан, төрт бұрышы жемірілген ескі тоқым сияқты
Тұрақты сөз тіркесі: көзді ашып- жұмғанша, терімізге сыймай, қабағымыздан қар
жауып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай
Дисфемизм: қызы қатынға, қазақтың қатыны
Ү.Бес жолды өлең
1.Зат есім (бір сөз ) - Ана
2.Сын есім(екі сөз)- мейірімді, қамқор
3.Етістік(үш сөз)- мәпелейді, өсіреді, тәрбиелейді
4.Үстеу (төрт сөз)- шырылдап жерге түскен кезде
5.Түйін сөз(бес сөз)- Ана ақылшың, ұстазың, досың, қамқоршың
VІ. Топтастыру
Қайратты шешен
қайсар
ақылды АНА
ашынған қайғылы
сергелдеңде
ҮІІ.Қорытындылау
«Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді.Әйел ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!»- деген жазушының өз сөзімен сабақты аяқтаймын.
ҮІІІ.Үйге тапсырма:
Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы басқа әңгімелерін оқып келу
ІХ.Бағалау.
Б а ғ а л а у п а р а ғ ы
Оқушының
аты-жөні
Өзін-өзі бағалау
Достарының бағасы
Мұғалімнің
бағасы
Қорытынды баға
Достарыңызбен бөлісу: |