БАҒДАРЛАМА
элективті, қолданбалы курс «Ғажайып математика»
1 – 4-сынып оқушыларына арналған
1-сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат
2-4 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
Авторы: Бекмуратова Ғалия Халыковна, №177 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Пікір жазғандар: Мақашева Е.П., әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің информатика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты;
Алдиярова М.Б., №177 ЖББМ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары;
Увалиева З., №174 МГ бастауыш сынып мұғалімі.
Түсініктеме хат мазмұны
Білім берудің бүгінгі күнгі талабы - оқушының жан - жақты іс-əрекеттік қабілетінің дамуы. Ежелгі замандардан бері өскелең ұрпақтың дамуында математиканың алар орны ерекше. Математика ғылымының өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика — барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да, математика оқушының дұрыс ойлау мəдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әзірленген «Ғажайып математика» таңдау курсының бағдарламасы педагогиканың түрлі аспектілері: қарым-қатынас жасау, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқуды негізге ала отырып әзірленген. Аталған аспектілер сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Бұл бағдарламаны жазуда бала дамуының ең жақын аймағына сүйену керектігін ескердік. Нақты жаттығуларды орындау барысында дамыта оқыту идеясымен үйлесетін жаңа технологияны қолдануды мақсат тұттық. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс деп ойлаймыз.
Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұнының басты қағидаты - спиральділік негізінде құрылды, оның негізгі ерекшелігі:
оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе тапсырмаларды бірнеше рет қайталап оқиды;
əрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе тапсырманың күрделілігі арта түседі;
жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты жəне алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.
Бағдарламаның негізгі басымдықтары:
оқушы қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;
жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
оқушыларға бұрын алған білімін оқу мақсатына жетуде жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдану ұсынылады.
Сонымен қатар, бағдарлама:
оқушылардың білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту талаптарына сәйкес;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай әзірленген;
Достарыңызбен бөлісу: |