«Ғажайып микроәлем» элективті курс. Түсінік хат. 7- сыныпқа арналған «Ғажайып микроәлем»


«Ғажайып микроәлем» элективті курсының мазмұны мен құрылымы



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі71,5 Kb.
#119135
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
00031f94-1ff4cfbc

«Ғажайып микроәлем» элективті курсының мазмұны мен құрылымы.


I . Кіріспе. Микробиология ғылымының даму кезеңдері
Микроскоптың ашылу тарихы. Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан зерттеуші ғалымдар. Француз микробиологі Луи Пастер( 1822- 1895) және неміс ғалымы Роберт Кох микробиология ғылымының негізін қалаушылар.Қазіргі микробиологияның негізгі бағыттары: генетикалық және жасушалық инженерия, тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылық, медицина, денсаулық сақтау, ластанған ауаны,суды топырақты тазарту, пластмасса жасау, металл және мұнай өндіру, топырақтың құрылымын жақсарту.
Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі. Зертханалық құрал- жабдықтарды қолдану ережесі.
Зертханалық жұмыс
№ 1 Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі.


II Бактериялар
Бактериялардың қолайлы ортада өмір сүруі. Бактерия жасушасының құрылысы мен пішіні. Сыртқы және ішкі құрылымы.Қоректену тәсілі. Бактериялардың таралу жолы және маңызы.
Бактериялардың биосферадағы рөлі: шіріту бактериялары – органикалық заттардың минерализациясы; топырақ бактериясы – топырақтың құрылымын түзуші; азот түзуші бактериялар - топырақты азотты қосылыстармен байытушы; цианобактериялар; мұнай түзуші бактериялар.
Бактериялардың адам өміріндегі маңызы және шаруашылық қызметіндегі оң рөлі: сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау, сүт қышқылын алу.
Теріс рөлі: азық- түлік тағамдарын шіріту, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын патогенді бактериялар.
Бактериялармен күресу әдістері. Пастеризациялау, стерилдеу, залалсыздандыру.
Зертханалық жұмыстар
№ 2 «Тіс бактериясы»
№3 «Картоп таяқшасының және шіріту таяқшасының құрылысын қарау»
Уақытша микропрепарат дайындау тәсілі.

Тәжірибелік жұмыс «Картоп таяқшасының және шіріту бактериясына қоректік орта әзірлеу және бактериялардың өсіру мәдениетін қарастыру»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет