Баяу, үдемелі (прогрессирующий) инфекциялар. Бұл инфекциялар
зақымданған тінде кездеседі. вирусты жоя (элиминирлей) болады. Кейіннен персистентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде инфекциялық вирус тұрақты бөлінеді, немесе
зақымданған тінде кездеседі. Иесінің иммунды жауабы жедел инфекция кезінде вирусты жоя (элиминирлей) алмаған жағдайда персистентті инфекция п йда болады. ән зақ айналымға түспейтін (циркуляцияланбайтын) агенттерге тән (приондар), олар бас миын зақымдайды. Иесімен оған енген вирус арасындағы күрес вирустың элиминациялануымен немесе инфекция персистентті, болмаса латентті түрімен аяқталады. Персистентті инфекцияға айналуы үшін вирус, иесінің иммунды реакциясынан қашықтау механизмін пайдаланады. Вирустардың сол үшін пй даланатын стратегиясы өте спецификалы және иммундық жүйенің әр түрлі деңгейін зақымдайды. Вирустарға қарсы мал және адам организмінде арнайы қорғаныс механизмдері пайда болады. Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі – организмге енген вирустарды тауып алу және организмді сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымданған жасушалардан тазарту.
Осы қорғану қызметі организмнің иммунологиялық жүйесінің және иммунитетке жауапты жасушаларының арқасында іске асады. Сонымен бірге, организмде арнайы емес қорғаныс факторлары да бар (ингибиторлар, интерферон, комплемент т.б.). Олар да вирустың көбеюі мен организмге таралуына кедергі жасайды. Бұл факторлар арнайы механизмдерден бұрын іске асады. Вирусқа табиғи немесе туа біткен түрге және генетикалық қасиетке сәйкес төзімділік(невосприимчивость, иммунитет). Ол жағдай туа біткен қасиетке немесе өсе келе организмнің белгілі бір ауруға қарсы тұрарлық қасиетіне сәйкес келеді. Көрсетілген екі жағдайда да организмде вирус өсіп-көбейе алатын жасушалар болмайды немесе фагоцитоздың, ингибиторлардың арқасында организмде вирусқа қарсы тұрарлық жағдайлар жеткілікті болады. Мысалы, адам ірі қара малдың обасымен немесе тауқтардың тырысқағымен ауырмайды. Керісінше, тауықтар адамның тырысқағымен, жануарлар адамның күл, сал ауруларымен ауырмайды.
Жүре біткен төзімділік(невосприимчивость, иммунитет) - организм ауырып жазылғаннан соң немесе қолдан егудің арқасында пайда болады. Тұмау (ортомиксовирустар тудыратын) немесе парамиксовирусты аурулар (парагрипп, РС-вирус) - тыныс алу жолдарының зақымдауымен өтетін аурулардан соң 2-3 жылдарға созылатын арнайы иммунитет пайда болады. Ал, қызылша немесе ұшпа мен ауырғаннан соң пайда болған арнайы иммунитет өмір бойы сақталады.
Вирусқа қарсы тұрудың екі түрі: