Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі ұйымдастыр ерекшеліктері, кәсіпкерлік іс-әрекетті жоспарлар
Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкі фирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері
Жоспарлау – қоғамның әр-түрлі салаларында болашақ қызметтердің жобасын жасау барысы. Жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері мен қатар) басқару қызметті.
Жоспарлау - алдағы уақытта белгілі бір жағдайға қол жеткізуді мақсат етіп қою болып табылады.
Болжам - алдағы уақытта обьектінің мүмкін жағдайын және оны жүзеге асырудың альтернативті жолдары мен мерзімдерінің ғылыми негізделген ойластырылуы.
Жоспарлау келесі белгілер бойынша жіктеледі:
масштабына байланысты (көлеміне);
уақыты бойынша
мақсаты бойынша.
1) Масштабына байланысты:
микроболжам;
макроболжам.
2) Уақыты бойынша:
ұзақ мерзімді (5 жылдан 15 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін);
қысқа мерзіммді (1 айдан 1жылға дейін);
шұғыл (1 айға дейін).
3) Мақсаты бойынша:
Сонымен жоспарлау – алға қойған жұмыстарды негіздеугге, міндеттеуге, тиімді, реттеуге, ақпаратты өндеуге, бағытталған ақыл-ой процессі.
Тәжірибеде жоспарлаудың негізгі 5 әдістерін ажыратады:
баланстық;
есептік-конструктивті;
бағдарламалық, мақсаттық;
экономикалық-математикалық;
нормативті-ресурстық.
2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
Жоспарлау жүйесі – бір-бірімен тығыз байланыстағы және бір-біріне ықпал етуші жоспарлау процесстерінің жииынтығы.
Жоспарлаудың келесі түрлерін қарастырады:
стратегиялық жоспарлау;
тактикалық жоспарлау;
оперативтік (шұғыл) жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау – фирманың барлық даму концепциясын анықтайды, басқарудың ең жоғарғы звеносымен дайындалады және орта мерззімді мен ұзақ мерзімді жоспарлаудан тұратын негізгі құжат болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – фирманың аз шығын жұмсай отырып, көп мөлшерде пайда табуға, неғұрлым тиімді қызмет ету бағытын таңдау болып табылады.
Тактикалық жоспарлау – бұл шаруашылық операциялардың жағдайларын жоспарлау (өндіріс қуаттылығы, капиталы, инвестицея, мамандарды және т.б), қысқамерзімді және орта мерзімді жоспарларға жатады және стратегиялық жоспар тактикасына жету болып табылады.
Оперативті (шұғыл) жоспарлау – бұл арнайы бағдарламалар мен жұмыстарды жоспарлау. Оперативтік жоспарлаудың ұзақтығы операциялардың масштабына байланысты болады.
Операивті жоспарлау – кәсіпкерліктің пайдалы даму үшін ең керекті бөлігі, яғни ұйымдастыру, іс-әрекетін анық тауып, мәселелерді шешу, міндеттер мен шешімдерді араластыру, операция көлемін, нарықтағы өмір сүру жағдайын, сату көлемі мен пайдасын, сонымен қатар керекті мәселелерді алдын ала анықтап, болдырмау жолын қарастыруда үлкен роль атқарады.
3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
Бизнес-жоспар жоспарлау жүйесіндегі әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе-жол. Бизнес-нарықтық экономика жағдайындағы субъекттің (кәсіпорынның) пайда табуға бағытталған әкономикалық қызмет. Бизнес-жоспар - субъект ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсету т.б. мақсаттарымен оған жету жолдарын анықтау.Әдетте ол 1-5 жылға жасалады.
Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты - берілген бизнес объектісің маркеттингтік синтез жағынан қарастыру арқылы стратегиялық шешімдерді анықтау.
Бизнес-жоспарды дайындау басқа мақсаттары:
несие алу және инвестицияларды тарту;
белгіленген нәтежелерді орындау нақтылығының деңгейің анықтау;
жаңа фирма қайта құру және қызмететіп жүрген фирманың жұмысың қайта құру мақсатталатын дәлелдеу;
және тағы басқа
Бизнес-жоспардың отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу арқылы бизнес-жоспардың оптималды құрылымын анықтауға болады:
Бизнес концепциясы (резюме)
Кәсіпорынды жәнее саланы сипаттау
Қызмет және өнімдердің сипаттамасы
Өткізу нарығын зерттеу және талдау
Бәсеке және бәсекелік артықшылық
Маркетинг жоспары
Өндіріс жоспары
Ұйымдық жоспар
Қаржылық жоспар
Қаржылық стратегия
жоспар құру кезінде ескерлетін жағдайлар
Достарыңызбен бөлісу: |