Факультет: Жаратылыстану ғылымдары



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі302,91 Kb.
#186574
1   2
Байланысты:
академия 2

6. Янг-Миллс теңдеуі
Физика әлемінде гипотеза бар: егер элементар бөлшектерде масса болса, онда оның төменгі шегі де болады. Қандай екені – белгісіз. Бұл ең қиын есептердің бірі. Шешімін табу үшін, табиғаттағы барлық әрекеттесу күштерін байланыстыратын “барлық теория” теңдеуін ойлап табу керек. Тапқан адам, сөзсіз Нобель сыйлығын алар еді.
7. Д’Аламбер-Эйлер парадоксы
Бұл парадокс – гидродинамика қағидасы, кез-келген шектеулі формалы дененің шексіз сығылмайтын, тұтқырлықсыз, әрі құйынтуғызбайтын және жылдамдық үзілу жазықтықтарынсыз сұйықтықтың ішіндегі бірқалыпты және сызықтық қозғалысы кезінде сұйықтықтың дене қозғалысына қорытынды үйкеліс күші нөлге тең (1744-жылы Ж. Д’Аламбер, 1745 жылы Л. Эйлер айтқан). Адиабатты қозғалатын идеал газ үшін дәлелденген. Физикалық үйкеліс күшінің жоқтығы жоғарыда айтылған жағдайларда сұйықтық не газ ағындары қозғалыстағы дененің арт жағында тұйықталуымен түсіндіріледі, жалпы сұйқтық арт жаққа әсер ете отырып, алдыңғы жаққа түсірілетін күшті теңестіреді.
Мыңжылдықтың ең күрделі математикалық тапсырмалары шешілер болса, ғылымда бетбұрыс болады. Әр ше­шіл­ген есепке Американын Клэй институты 1 млн доллар сыйақы тағайындайды. Одан бөлек, кейбір тапсырма Нобельге жетер төте жол болуы мүмкін.
Мысалы, «Янг-Миллс» теңдеуі. Бұл фи­зикадағы гипотезаға байланысты құ­рыл­­ған есеп. Егер элементар бөлшек­тер­де масса болса, онда оның төменгі ше­гі бар. Бірақ қандай екені белгісіз. Атал­ған теңдеу жеті есептің ішіндегі ең қиы­ны. Өйткені шешімін табу үшін «бар­лық теория» теңдеуін ойлап табу керек. Табиғаттағы барлық әрекеттесу күшінің байланысын түйсінсеңіз болғаны. Бас қатыр­ған теңдеудің түйінін тапқан жан Нобельге үміткер атанады.
«Жетеуін де ешкімнің шеше алмағаны қалай?» дерсіз. Білесіз бе, жылына мыңда­ған ғалым теңдеу мен гипотезаның шешімін дәлел­деумен бас қатырады. Сіз есепті шеш­­кен күнде ғылыми тұрғыда дәлдеуіңіз қажет. Мақала жазып, әлем ғалымдарының тал­қысына ұсынасыз. Әрбіреуі өз жауабын береді, мақұлдайды немесе түзету енгізу кере­гін айтады.
Әйгілі 7 есептің біреуін 2010 жылы Ресей мате­матигі Григорий Перельман шешті. Ол Пуанкаре гипотезасының жауабын тапты. Бұрындары КСРО-ның А.Колмогоров, В.Арнольд, В.Монахов сияқты ғалымдары есепті шешуге талпынып көрген. Алайда тыңғылықты нәтиже болмады. Гипотезаны шешкені үшін Перельманға Филд сыйлығы мен Клэй институтының 1 млн доллары бер­ді. Бірақ атақты математик сыйлықтан бас тартты. Ол өзіне ұсынылған атақтан жиі бас тартады екен. Ғалымның бұл ісіне әлем әлі күнге таңғалады.
Одан бөлек шешілуі тиіс «Кук қиын­дығы», «Риман гипотезасы», «Берч жә­не Свиннертон-Дайер гипотезасы», «Ходж гипотезасы» және «Навье-Стокс тең­де­уі» бар. Соңғысының шешімін табуға Мұқ­тарбай Өтелбаев барын салып жүр. Әйгі­лі математик теңдеуді жай ғана шешіп қой­май, жаңа әдіс ойлап тапқан. Жер-жаһан­ның ұлы математиктері «Новье-Стокс» тең­деуін шешуге жүз жыл жұмсаған. Мұх­тар­бай Өтелбаев болса, 30-40 жыл ізде­ніп, ақыры есептің кілтін тапты. Бірақ тап­қан­нан түсіндіру қиынға айналды.
Математик «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» еңбегін орыстілді «Математический журнал» басылымына ұсын­ған. Теңдеу сұйықтық пен газдың қоз­ға­лысын суреттейді. Өтелбаев анықтаған жол адамзатқа тайфун, цунами тәрізді та­­биғи құбылыстардың пайда болуын, қоз­­ғалыс қайдан басталып, қайдан аяқта­ла­ты­нын көрсетеді.
Мұхтарбай Өтелбаевқа Монтгомери-Смит ғалымдары шешімнің кей тұсында қате барын айтқан. Физика-математика ғы­лымдарының докторына теңдеу шеші­мін әлі де жетілдіре түсуге уақыт керек.
Жалпы, әлемде шешімі қиын деген 500 есеп бар. Мұны математиктердің дүние­жү­зілік конгресі бекіткен. Соның ішінде 15-і – күрделі, 7-еуіне аса күрделі деп баға бер­ген.
Аталған есептерді шешу не үшін ке­рек? Әлемде криптография деген тыл­сым бар. Жетеудің ішіндегі екеуі ақ­па­­­ратты шифрлаумен байланысты. Ма­­те­­матиктерден «жақсы жаңалық» есті­сек, криптографияда үлкен өзгеріс орын ала­ды. Өзіне ғана бөлінетін жай сандар ту­ралы «Риман гипотезасы» тіпті бас қа­ты­­рады. Физикамен үндес теңдеу мен ги­по­тезалардың жөні бөлек. Барлығының тү­йі­ні ғалам мен адам игілігіне жарайды. Бұ­ған ғалымдар кепілдік беріп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. https://el.kz/sheshimin_tappa-an_7_esep_20298/
2. https://surak.baribar.kz/385038/
3. https://aikyn.kz/9930/13813-sheshimin

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет