Факультет: Мейіргер ісі Пәні: Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде мейірбике қызметін ұйымдастыру Курс


Мектепке дейінгі мекеме мейірбикесінің құқықтары мен жауапкершілігі



бет3/6
Дата22.05.2020
өлшемі1,86 Mb.
#70593
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мектеп және МДМ- де мейіргер ісі. 2 ПЗ. Сансызбаева А.У.

Мектепке дейінгі мекеме мейірбикесінің құқықтары мен жауапкершілігі

Медбике

  • мекеменің санитариялық жай-күйін тексеруге және оның дұрыс сақталуы бойынша техникалық персоналға қажетті нұсқаулықтар беруге;
  • мекеме басшысына анықталған санитариялық эпидемияға қарсы режимнің бұзылуы туралы мәлімдеуге және оны жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізуге;
  • өз міндеттемесін орындауға қажетті ақпарат алуға;
  • мекеме басшысына өз еңбегін ұйымдастыру мен жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс айтуға; педагогикалық кеңес отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен қатысуға;
  • шағымдармен және оның жұмысының бағасы қамтылған басқа да құжаттармен танысуға, оларға түсіндірме беруге;
  • оның лауазымдық нұсқаулығына енгізілген өзгерістермен танысуға және оған үн қатуға құқылы.


Медбике:
  • тәртіптік – ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте, лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін; жарғыны немесе мектепке дейінгі мекеменің басқа да жергілікті құқықтық актілерін бұзғаны үшін;
  • әкімшілік – ҚР қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте, оның кінәсінен өртке қарсы қауіпсіздік ережесі, санитариялық-гигиеналық ережелер бұзылса;
  • материалдық – ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте, мүліктің сақталуына алып келген негізсіз шешім қабылдаудың салдары, оны заңсыз қолданғаны немесе мектепке басқа да залал келтіргені үшін жауаптылықта болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет