2 модуль. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы кеңестік реформалардың салдары мен шиеленістері
6 тақырып. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі.
Семинардың мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал. Фашистерден отанды қорғау Ұлы Отан соғысының басталуы, барысы және нәтижесі, қазақстандықтардың еңбектегі, соғыстағы ерліктері жөнінде мәлімет айту. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. Фашистердің «Түркістан» легионын құру әрекеті. М.Шоқай және басқалар туралы бұрмаланған аңыз бен шынайы шындық. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары.
Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметін сараптау.
1
7 тақырып. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.
Семинардың мақсаты: Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Хрущевтік «жылымық», Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар жөнінде ой түю.
1
8 тақырып. Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.
Семинардың мақсаты: Л.Брежневтік топтың билікке келуі. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. Кеңестік экономиканы басқару тәсілдерін орталықтандыру тұрғысынан өзгерту және өнеркәсіптік, аграрлық реформалардың қайшылықтары. Идеологиялық тоқырау. Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуіне сараптама жасау.