Қорытынды Қорытындылай келгенде, саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу. Саяси жүйе- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды.Әртүрлі концепцияларға негізделіп жіктеледі.Мысалы үшін либералдық демократия,коммунистік жүйе,дәстүстірлі саяяси жүйе,авторитарлы-конервативтік жүйе.
Саяси режим дегеніміз саяси билікті жүзеге асыратын әдіс пен тәсілдердің жиынтығы. Режим адам қауымдастығының көлемінде билікті ұйымдастыруға мүмкіншілік береді, арнайы әдістерді қолдана отырып оны нақты мақсаттарда құрылымдайды. Режим саяси жүйемен салыстырғанда, өзінің жеке уақытша сипаттарға ие. Анығырақ бұл белгі режим анықтамасында көрсетілген, оны американдық саясаттанушылар Дж. Барнс, М. Картер және М. Скидмор берген: «Режим дегеніміз саяси билік әрекетінің ерекше кезеңі, саяси жүйе шеңберінде жүзеге асатын». Сол бір саяси жүйе тарихи жағдайларға байланысты әр түрлі режимдерде қызмет ете береді.Саяси режим демократиялық және антидемократиялық болып бөлінеді.Ал антидемократиялық режим өз кезегінде тоталитарлық,авторитарлық деп бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Әбсаттаров Р. Саясаттану негіздері. Алматы, 2011.
2. Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж
3. Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.