Курстың міндеттері: - Курстың міндеті – оқыту барысында студенке «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсының құрылымы мен мазмұнын, теориялық және практикалық мәселелерін толық игеруді көздейді. Пәнді оқытудың негізгі ұстанымдарын әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлерін, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдарын, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдерін іс жүзінде қолдана білуге баулиды.
- Орта мектепте қазақ әдебиетінің тарихын, оның теоиялық мәселелерін және шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту үшін студенттер төмендегідей практикалық істер мен дағдыларды қалыптастырып, жаттығады: күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді, сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді, әдеби жазу жұмыстарын (мазмұндама, шығарма) ұйымдастырып жүргізуді игереді.
- «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» тіл білімі, тарих, әдебиеттану, педагогика, психология, география, экология пәндері мен байланыстыра оқытылады.