Фараби атындағы қазақ


Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



бет2/6
Дата24.05.2022
өлшемі103,5 Kb.
#144873
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6М071000 каз

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



  1. Физика 1(Механика және Молекулалық физика - 3 кр.)

  2. Физика 2 (Электр және магнетизм - 3 кр.)

  3. Материалдардың физикалық қасиеттері -3 кр.


  1. Емтихан тақырыптарының тізімі



«Механика» және «Молекулалық физика» пәндері

  1. Координат жүйелері. Векторлық және координаттық формаларда материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін сипаттау. Орташа және лездік жылдамдық және үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың кинематикасының формулалары.

  2. Салыстырмалық принціпі. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принціпі. Лоренц түрлендірулері.

  3. Табиғаттағы күштер және әсерлесулер. Дененің массасы, күші және импульсы. Ньютонның үш заңы.

  4. Импульс моменті және күш моменті. Нүкте үшін және материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Жүйенің импульс моментінің сақталу заңы.

  5. Күш жұмысын анықтау. Потенциалдық және потенциалдық емес күштер. Потенциалдық энергия және оны нормалау. Механикалық энергияның сақталу заңы.

  6. Релятивтік бөлшектің энергиясы мен импульсінің арасындағы қатынас. Тыныштық массасы мен энергиясы арасындағы байланыс. Байланыс энергиясы. Массалар дефектісі.

  7. Қатты дененің қозғалмайтын өстің маңайындағы айналуы. Өске қатысты дененің инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі.

  8. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстарының кинетикалық энергиясы

  9. Қатты денелердегі деформация. Гук заңы. Юнг модулі.

  10. Идеал сұйықтың стационар ағысы үшін Бернулли заңы

  11. Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Рейнольдс саны. Сұйықта қозғалатын денеге әсер ететін күштер.

  12. Тұтас ортадағы толқындар үшін Доплер эффектісі

  13. Идеал газдың шартты үлгісі. Бір және кез-келген моль үшін Клапейрон-Менделеев теңдеуі.

  14. Изохоралық, изобаралық, изотермиялық процесстер (осы процестің теңдеуі, графигі, жұмысы).

  15. Температура. Идеал газдың ішкі энергиясы. Еркіндік дәрежелеріне сәйкес энергияның бірқалыпты үлестірілу заңы.

  16. Жылусиымдылық. Жылусиымдылықтардың өзара байланыс қатынастары мен идеал газдардағы еркіндік дәрежелерімен санымен сипатталынуы. Кванттық жылусиымдылық туралы түсінік.

  17. Молекулалар жылдамдығының Максвелл үлестірімі. Максвелл үлестірімінің сипаттама жылдамдығы.

  18. Больцман үлестірімі. Максвелл-Больцман үлестірімі.

  19. Термодинамиканың негізгі заңдары. Термодинамиканың бірінші заңы және оның физикалық мағынасы. Адиабаталық процесс. Политроптық процесс.

  20. Циклдық процестер. Карно циклы. Карно теоремалары.

  21. Термодинамиканың екінші заңы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы.

  22. Диффузия, тұтқырлық, жылуөткізгіштік (процесстің физикалық мағынасы, теңдеуі, коэффициенті).

  23. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс күштері.

  24. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Қаныққан бу қысымының температурадан тәуелділігі.



«Электр және магнетизм» пәні

  1. Вакуумдағы тұрақты электр тоғы. Электрмагниттік әсердің табиғаттағы және практикадағы маңызы. Микроскопиялық зарядтар. Зарядтың сақталу заңы.

  2. Тұрақты электр өрісі. Кулон заңы.Кулон заңының өрістік интерпретациясы. Гаусс теоремасы. Кулон заңының дифференциалдық түрде тұжырымдалуы.

  3. Электростатикалық өрістің потенциалдығы. Электрстатикалық өрістегі жұмыс. Скалярлық потенциал.

  4. Әртүрлі заңдылықпен таралған зарядтардың потенциалын есептеу. Лаплас және Пуассон теңдеулері.

  5. Өткізгіштердегі электростатикалық өріс. Өткізгіш жаңынан пайда болған өріс механизмі.

  6. Оңашаланған өткізгіш электрсыйымдылығы. Конденсаторлар және олардың электр сыйымдылығы.

  7. Үзіліссіз таралған зарядтардың дипол моменті.

  8. Поляризацияланудың электр өрісі кернеулігінен байланыстылығы. Поляризацияның электр өрісіне әсері.

  9. Электрлік ығысу. Жазық конденсатордың өрісі. Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы.

  10. Дискретті зарядтардың энергмясының байланысы. Электр өрісінің энергия тығыздығы. Зарядталған конденсатордың энергиясы.

  11. Поляры және полярлы емес диэлектриктердің механизмі.

  12. Тұрақты электр тогы. Ток күші және оның тығыздығы. Ток бар кездегі зарядтардың сақталу заңы. Біртекті өткізгіш бөлігі үшін Ом заңы. Кирхгоф ережелері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет