«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


ЭТИЛ КӨМІРҚЫШҚЫЛЫНЫҢ НАТРИЙ ТҰЗЫМЕН



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
ЭТИЛ КӨМІРҚЫШҚЫЛЫНЫҢ НАТРИЙ ТҰЗЫМЕН 
ГИДРОХИНОНДЫ КАРБОКСИЛДЕУ 
 
Ахметбек Е.Қ., Советбек Е.К. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент м.а. Жақсылықова Г.Ж. 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
workpage10@mail.ru 
Көміртек диоксидін органикалық синтезде шикізат ретінде қолдану 
қазіргі органикалық химияның және мұнайхимиясының өзекті мәселелерінің 
бірі болып табылады. Сонымен қатар, химиялық синтезде көміртек 
диоксидін утилизациялаудың табиғатты қорғау мәселесіндегі маңызы зор. 
Себебі бұл процесс көміртек диоксидінің (парник газының негізгі 
компоненті) атмосфераға шығуын азайту жолдарының бірі болып табылады.
Органикалық синтездегі көмірқышқыл газын пайдаланудың ең тиімді 
бағыттарының бірі - карбоксил тобы -C(O)-O- және карбоксиамид тобы бар -
C(O)-NH- (карбон қышқылы, ауыр эфирлер, лактондар, органикалық 
карбонаттар және карбаматтар, несепнәр, амидтер және т.б.) карбон 
қышқылдарының және олардың туындыларының синтезі. Көп тонналық 
ароматты мұнай өнімдерінің бірі фенолды мұнайхимиялық өндірісте 
изопропилбензолданкумолды әдіспен алады. Сілтілік металдар феноляттарын 
қолданбайтын фенолдарды альтернативті карбоксилдеу әдістерін жасау 
ерекше көңіл аударады және өзекті болып табылады. Осыған орай этил көмір 
қышқылының натрий тұздарымен дигидроксибензолдардыкарбоксилдеу 
маңызды тақырып болып табылады.
Қазіргі таңда фенолды алкилкөмір қышқылының сілті тұздарымен 
карбоксилдеу арқылы синтезделген гидроксиароматты қышқылдар кеңінен 
практикада қолданылады. Салицил қышқылы мен оның туындылары 
фармацевтикалық препараттар ретінде қолданылса, п-гидроксибензой 
қышқылы полимерлі материалдар мен сұйық кристалды полиэфирлерді алуда 
қолданылады. 2-Окси-3-нафтой қышқылының ариламидтері салқында 
талшықтарды бояу (азоидті бояулар) үшін кең қолданылады . 
Ғылыми 
зерттеу 
жұмысымның 
нысаны 
– 
гидрохинонды 
натрийэтилкарбонатымен 
карбоксилдеу 
реакциясының 
оңтайлы 
параметрлерін зерттеу. Ал бұл реакцияның өнімі гентизин қышқылы болып 
табылады. 
Гентизин 
қышқылы 

ацетилсалицил 
қышқылының 
метаболизациясының 
минорлы 
өнімі 
болып 
келеді, 
бұл 
оның 
антипирециялық әсерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ гентизин қышқылының 
анальгетикалық және қабынуға қарсы әсерлері бар. Кейбір гентизин 
қышқылының туындылары антибиотиктер болып табылады. 
Гидрохинонды натрийэтилкарбонатымен карбоксилдеп (Т=180-220
0
С, 
Р
СО2
= 10атм, 

=5 сағ) гентезин қышқылы (2,5-ДГБҚ) синтезделініп алынды.
Оңтайлы параметрлер (қысым, температура, уақыт) зерттелуде.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
258 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет