Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы.ғарыш жанармайының химиялық құрамы Орындаған:Тұрланова айгерім,серікбаева іңкәр,омарова маржан,қалыбаева ақбота тексерген:ауезханова асемгүл Жоспар кіріспе негізгі бөлім -ғарыш ұшу техникаларының зияны -ғарыш жанармайының химиялық құрамы қорытынды пайдаланылған әдебиеттер Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді. Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы. Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр». Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұші аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан – 16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында.
Достарыңызбен бөлісу: |