Ғарышкер Азаматтығы Қазақстан Туған 1951 ж. қантардың 7-сі, Қарғалы ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы Мансабы1 Зерттеуші-ғарышкер Ағымдағы мансабы Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Дәреже генерал-лейтенант Ғарыштағы уақыт 341 күн 9 сағ 48 мин Іріктелуі 1990 Тапсырыс (тары) Союз ТМ-19, Союз ТМ-27, Союз ТМ-32 1 алдыңғы не ағымдағы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Мазмұны Қысқаша өмірбаяны; Ғарышқа ұшуы; Әскери атағы; Хоббиі; Марапаттары; Жанұя жағдайы; Сыртқы сілтемелер. Қысқаша өмірбаяны 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер. 1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде. 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген. 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған. 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған. 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған. 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде. 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры. 2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышқа ұшуы 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге. 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. Әскери атағы Әскери атағы — запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан). Хоббиі Хоббиі — фортепианода, гитарада ойнау, ән айту. Марапаттары Союз ТМ-32 экипажы — Деннис Тито (Dennis Tito), Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин. Қазақстан Республикасы: * «Халық Қаһарманы» атағы (1995); * «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995); * «Отан» ордені (1998); * «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені; * «Астана» медалі (1999). Ресей Федерациясы: * «Дружба народов» ордені (1991); * «Герой Российской Федерации» атағы (1994); * «Лётчик-Космонавт РФ» (1994); * «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998); * «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені. Аустрия Республикасы: * Аустрия Республикасының ордені. Америка Құрама Штаттары: * «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998). Жанұя жағдайы Зайыбы — Мұсабаева (Лацис), Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері. Баласы — Мұсабаев, Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері. Қызы — Мұсабаева, Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған