Ғарыштық сәулелер негізінен Күн жүйесінен тысқары кеңістіктен келеді

Дата18.12.2022
өлшемі17,68 Kb.
#163117
Байланысты:
2 бож ядро.аст

ҒАРЫШТЫҚ СӘУЛЕЛЕР – Жерге үнемі ғарыш кеңістігінің әр тарапынан келіп тұратын, басым бөлігін жуықтап алғанда изотропиялық қасиетті протондар құраған жоғары энергиялы қарапайым бөлшектердің, сонымен бірге протондардың Жер атмосферасында ауадағы атомдар ядроларымен өзараәсерлесуі нәтижесінде пайда болатын, іс жүзінде барлық белгілі қарапайым бөлшектер кездесетін екінші реттік сәулелердің ағыны.
Ғарыштық сәулелер негізінен Күн жүйесінен тысқары кеңістіктен келеді. Бұлардың арасында алғашқы реттік ғарыштық сәулелердің энергиясы 1021 эВ-қа дейін жететін жоғары энергиялы – Күннен тысқары галактикалық ғарыштық сәулелер және Күннің ғарыштық сәулелері (энергиясы 1010 эВ-тан аз орташа энергиялы сәулелер) болады. Күн активтілігі артқанда ғарыштық сәулелердің осы бөлігінің үлесі де едәуір артады. Аса жоғары энергиялы бөлшектер Біздің Галактикамыздан тыс кеңістіктен (метагалактикадан) де келуі ықтимал. Ғарыштық сәулелердің ауаны иондайтынын алғаш рет 1912 ж. австриялық физик Виктор Франс Гесс (1883 – 1964) байқаған. Жер бетінен биіктеген сайын ауаның иондалу дәрежесі артатындықтан Гесс бұл сәулелерді ғарыштан келеді деп жорамалдаған. Магнит өрісінде орналасқан Вильсон камерасындағы ғарыштық сәулелердің ізін зерттеудің [1923 ж. американ физигі Р.Милликен (1868 – 1953); 1927 ж.кеңес физиктері Д.Скобельцын (1892–1990) және 1935 ж. С.Вернов (1910 – 1982)] нәтижесінде ғарыштық сәулелердің зарядты бөлшектерден (көбінесе протондардан) құралғандығы анықталған. Жер бетінен шамамен 30 км биіктікке көтерілген ядролық фотоэмульсияда сутектен басқа ауыр элемент ядроларының да іздері байқалған. Ғарыштық сәулелерді әрі қарай зерттеу кезінде позитрон, мюон, пи-мезон, К-мезон, Λ-гиперон т.б. көптеген бөлшектер табылды.
Жер бетіндегі 1 см2 ауданға 1 секунд уақытта жуық шамамен ғарыштық сәуле ағынынан 1 бөлшек келеді екен. Бастапқы ғарыштық сәулелердің құрамында 90%-дай протондар, 7%-ға жуық α-бөлшектер және аз ғана мөлшерде (1%) ауыр элементтер ядролары бар.
Нейтрондық жұлдыздар мен пульсарлары. Қара құрдым. Жаңа жұлдыздар. Квазарлар және галактика ядролары. Ғарыштық струналар. Нейтрондық жұлдыздарды, пульсарларды, квазарларды зерттеу мегаәлемді тануға деген қазіргі заманға сай мысал бола алады. Бұл объектілердің жерден аса үлкен қашықтықта орналасқанымен ғалымдарға тіпті олардың құрылыстарын байқауға мүмкіндік болды. Жалпы толқындық астрономияның барлық құралдарын қолдану, қазіргі заманғы физиканың заңдарын біліп олардың стандартты емес қолдану, мысалы заттың қасиетін және нейтрондық жұлдыздың құрылысын, пульсарлардың радиолық сәуле шашу механизмін және т.б. тура дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Дәл осы жерде мегафизиканың (спецификалық) заңдылықтарын анықтауға апаратын ақпарат жиналады. Бұл процестің қазіргі уақытта да жүріп жатқанына, мысалы, мегаәлемге ғана тән ғаламдық струналарды жылдам теориялық зерттеу дәлел бола алады.
Нейтрондық жұлдыздар бар деген гипотеза 1934 ж. айтылған. 1967-1968 жж. Англия Джосели Белл және Энтони Хьюшимен нейтрондық жұлдызпульсарлардың радиосәуле шашылу тұрақты жиілікпен өзгереді. Сондықтан импульстары оны алғашында Жер шарынан тыс тіршілік белгілері деп пайымдаған. Кейіннен пульсарлардың физикалық табиғатын Георгий Гомов (1904-1968) түсіндірген. Пульсар — жылдам айналатын магниттелген нейтронды жұлдыздар. Қарапайым жұлдыздың нейтронды жұлдызға айналу кезіндегі жылдам айналу мен алып магнитті өрістің пайда болуы қозғалыс саны мен магнитті өрістің моментінің сақталуымен түсіндіріледі.
Қазіргі таңда пульсарлар рентгенді және гамма-диапозонда ашылған. Осы күнде радиоимпулсі Р (ол сонымен қатар жұлдыздың айналу периоды) 4,3 с-қа дейін болатын шамамен 1000 пульсар анықталған. Р-0,1-1с тең пульсарлардың магнит өрісі В-108 Тл. Табиғатта мұндай аса күшті магнитті өрістердің бар екендігін анықтау — үлкен жаңалық болып табылады. Соңғы уақытта магниттік өрісі 1011-1012 Тл болатын нейтронды жұлдыздар (магнетарлар) ашылды. Магнетарларда радиосәуле шашу жоқ, бірақ олар әлсіз гамма-сәулелер шашады. Қазіргі уақытта нейтрондық жұлдыздар құралуының негізгі каналы – аса жаңалардың жарқырауы деп саналады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мегафизика енді-енді өзінің спецификалық теорияларын құрып жатыр. Мүмкін, олардың біріншісі — қара құрдым физикасы. Қара құрдым — өте қызықты физикалық объектілер. Оларды бақылау мүмкін еместігіне қарамастан, олардың бар және ғарышта үлкен орын алатындығына ешкім күмәнданбайды. Шындығында, екілік системаның көрінбейтін компонентасын нейтронды жұлдыз сияқты анықтауға мүмкіндік бар. Қара құрдымды оған құлайтын немесе маңында айналатын заттардың (арекционды диск) облысынан шашыраған сәуле арқылы анықтауға болады. Галактикада жоғарыда аталғандай мүмкіндіктері бар көптеген қара құрдым табылған.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет