Халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту бойынша ауқымды жұмыс тар , яғни, қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету рәсімдері оңайлатылды, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің оң үрдісі байқалады.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау бөлмелері, интернет-конференциялар арқылы мемлекеттің халықпен және бизнеспен диалогы мен кері байланысының тетіктері іске асырылды.
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылды. «Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпарат пен қызметтерді ұсыну міндеттері ойдағыдай шешілді.
Жалғасы
АКТ салалық ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Ғылымды, технологиялардың трансфертін, бизнес пен университеттер ынтымақтастығын қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестицияның көлемі артуда, ғылымды көп қажет ететін АКТ өндіріске енгізілуде.
Ақпараттық технологияларды қолдану және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жыл сайын бағалау жүргізіледі.
2011 жылы «еркін бағдарламалық қамтамасыз ету (opensource)» және «ақпараттық технологиялар» бағыттары бойынша екі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зертхана құрылды.