2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері: Студент білуі қажет:
фармакология пәнінің фармакологиялық терминологиясын және міндеттерін;
дәрілік қалыптар, дәрілік препарат, дәрілік зат жөнінде түсінік;
халықаралық, патенттелмеген негізгі өмірге маңызды, жедел-жәрдем көмегі кезінде қолданатын дәрілік заттар атауларын,
дәрілік заттардың жіктелуін;
дәрілік заттардың фармакокинетикасының және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;
медицинада, оның ішінде дәрігер-стоматолог тәжірибесінде негізгі қолданылуын;
ағзаның жеке күйінің ерекшеліктеріне, аурудың жағдайына және препараттың қасиетіне байланысты медицина тәжірибесінде, соның ішінде стоматологияда мөлшерлеу тәртібін және принципін;
рецепт, рецепттің қүрылымы және әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазудың жалпы принциптерін меңгеруді және рецепт құрастыруды, соның ішінде стоматологияда қолданылуын;
дәрілік заттармен шақырылатын жағымсыз және жанама әсерлер, олардың алдын-алу және пайда болған кезде жою жолдары;
Студент жасай білуі тиіс:
болашақ мамандығына сай алған білімдерін қолдану;
дәрілік қалыптарға рецепт жазу;
дәрілік қалыптарды, қолдану тәсілдерін, енгізу жолдарын таңдау, соның ішінде стоматологияда ;
дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеттерінің жиынтығы және олардың әсер ету, әсер орны бойынша сараптау;
дәрілік заттардың жұптастыруды, жағымсыз жанама әсерлерін анықтауды және мүмкіндігінше оларды жоюды;
Дағдылары болуы керек:
Әртүрлі дәрілік қалыптардағы рецепттерді жазуды, рецепт құрастыруға;
өмірге маңызды негізгі дәрілік препараттарға рецепттерді сауатты жазу және құрастыруға;
рецептке жазылған дәрілік заттардың мөлшерін, концентрациясын есептеуді;
енгізу жолдарын таңдауды;
клиникалық, дәріхананың қызметкерлеріне ақпарат үшін сонымен қатар тұрғындарға мәліметтерді өңдеу және іздестіруге;