Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс ІІ. Ахуалдық тапсырмалар



бет2/35
Дата29.11.2022
өлшемі82,1 Kb.
#160236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2

Бұл препараттың әсер ету принципі: оның буларын иіскегенде жоғарғы тыныс жолдарының рецепторларының тітіркенуі және тыныс алу орталығының рефлекторлық қозуы пайда болады

5. Қабылдау бөліміне В. атты науқас ауыр жағдайда жеткізілді. Қарау барысында: көз қарашығының тарылуы, сілекей ағуы, құсу, іш өтуі, тыныс алудың қиындауы симптомдары байқалды. Тексеріс барысында брадикардия, артериалық қан қысымның төмендеуі анықталды. Анамнезі бойынша науқас жақында қуырылған саңырауқұлақ жегені анықталды.



  1. Қандай зат улануға алып келді?Саңырауқұлақпен улану

  2. Осы симптомдарға ұқсас көрініс бере алатын дәрілердің фармакологиялық тобын атаңыз? Жағымсыз әсерлердің даму механизмін түсіндіріңіз.-----


  1. Улануға қарсы дәрі ретінде не қолдануға болады? Оның әсер ету механизмі қандай?Белсендірілген көмір, Ішуге қолданғанда улы заттарды адсорбциялап алып, олардың АІЖ-нан сіңуін тежейді.

6. Ауруханға көзінің көруінің аяқасты төмендеуіне, басының қатты ауратындығына шағымданып науқас келді. Қарау кезінде көзішілік қысымының артқандығы анықталды. Глаукома диагнозы қойылды.



  1. Науқасқа осы жағдайда қандай дәрілерді ұсынуға болады?Тимолол

  2. Бұл препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?Селективті емес Бета - адреноблокатор

  3. Препараттың көзге әсер ету механизмін түсіндіріңіз?Тимолол көздің қасаң қабығынан көздің тіндеріне тез енеді. Аз мөлшерде конъюнктива, мұрынның шырышты қабаттары және көз жасы жолдары арқылы сіңу арқылы жүйелік қан айналымына енеді.

  4. Препарат қандай жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін?Көзді күйдіруі және қышуы, мұрын бітелуі,ринит,қасаң қабықтың эпителийінің ісінуі,қысқа мерзімді көз көруі нашарлауы, конъюнктивит,Ақ төмендеуі.

7. Қабылдау бөліміне А. атты науқас ауыр жағдайда жеткізілді. Науқас басының ауруына, бас айналуына, үрей сезіміне, іш тұсының ауруына, кіндік аймағының ауруына шағымданады. Күні бойы бірнеше рет құсу, іштің өтуі болған. Қарау кезінде: көз қарашығының тарылғаны, брадикардия, жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ төмендеген, тыныс алу қиындаған, бұлшықеттердің фибриллярлы дірілдеуі, галлюционациялар анықталды. Анамнезінен, науқас бақшасын карбафоспен өңдегені анықталды.



  1. Улануды тудырған заттың фармакологиялық тобы қалай аталады?Кең спектрлі фосфорорганикалық инсектицид, карбаматтар

  2. Дәрілердің артық мөлшерленуі болғанда осындай әсерлеоді туғызатын дәрілердің фармакологиялық тобын атаңыз? Карбохолин,мн-холиномимектик

  3. Жалпы көмек көрсету шаралары?Дәрілік заттарды абайсызда ауыз арқылы жұтқан жағдайда дереу зардап шегушіге бірнеше стакан су ішу керек, содан кейін саусақпен жұтқыншақтың артқы қабырғасын тітіркендіру арқылы жасанды түрде құсу шақыру. Асқазандағы уды мүмкіндігінше толық жою үшін мұны бірнеше рет қайталау керек.

  4. Фармакологиялық антагонистті атаңыз? Әсер ету механизмі қандай?Атропин (тыныс алу белгілері болса), пралидоксим (жүйке-бұлшықет бұзылыстары болса), Бензодиазепин(судорога кезінде) Атропин-сілекей,асқазан,брон,тер,ұйқы бездерінің секрециясын тежейді,жүрек жиырылуын жиілетеді,іш қуыс ағзаларын,бронх тонусын төмендетед; көз қарашығын едәуір кеңейтеді, көздің ішкі қысымын жоғарылатады.

8. Ота барысында науқастың бұлшықет тонусын төмендету үшін бір препарат енгізілді. Дәріні енгізгеннен кейін, ота барысында науқаста шеткі тамырлардың кеңеюі, АҚҚ төмендеуі, бронхтар тонусының жоғарылауы анықталды.

  1. Науқасқа қандай дәрі енгізілді?Тубокурарин хлориді

  2. Бұл дәрі қандай фармокологиялық топқа жатады?Миорелаксант,Н-холинолитик,активті зат, антидеполяризациялаушы дәрі

  3. Оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз?Жүйке бұлшық еттік қозудың берілуін тежей отырып,қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуын тудырады, холинергиялық синапста нерв импульсының өтуін тежейді.

  4. Кері әсердің даму механизмін түсіндіріңіз?----

9. Ота барысында науқасқа бұлшықет тонусын төмендету үшін Б. Препараты енгізілді. Енгізгеннен кейін науқаста аритмия пайда болды, дәрі мөлшерін ұлғайтқан кезде АҚҚ жоғарылады.



  1. Науқасқа қандай дәрі енгізілді? Дитилин

  2. Бұл дәрі қай фармокологиялық топқа жатады? н-холинблокаторлар- кураре тәрізді заттар немесе шеткі әсерлі Миорелаксанттар- деполяризациялаушы заттар

  3. Әсер ету механизмін түсіндіріңіз? н холинорецепторларды қоздырып, постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясын шақырады. Деполяризацияның алғашқы тг



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет