Несеп айдаушы дәрілер: фуросемид,этакрин қышқылы-айналымдағы қан көлемін төмендетіп, гепотензивті әсер етеді.
Гипотензивті дәрілер: артериялық, веналық қысымын төмендетеді. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, гигронийй, пентамин; әсері миотропты гипотензивті дәрі натрий нитропруссиді.
егер өкпе ісігі жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен байланысты болса, онда әсері тез жүрек гликозидтерін белгілейді: строфантин, коргликон.
Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, преднизолон к\т енгізіледі.
Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер
Ас қорыту жүйесінде астың соңғы қнісдерге ыдырауы, қанға сіңірілуі, микрооргонизмдерді зиянсыз ету, метоболизммен дәрілердің сіңірілу процесі жүреді. Ас қорыту жолының секреторлы және қимыл белсенділігінің бұзылуы көптеген ауруларда және патологиялық жағдайларда байқалады. Асқазан ішек жолдарының аурулары қазіргі кезде, әсіресе, баллалар арасында көп тараған. Ол асқазан ішек жолдарының иннервациясы, бездердің секрециясымен толқи жиырылу қызметінің бұзылу нәтижесінде байқалады. Асқазан ішек қызметінің бұзылуында қолданылатын ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің бірнеше тобы бар.
Жіктелуі:
Тәбетке әсер ететін дәрілер Тәбетке әсер ететін дәрілер
Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер
Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда қолданылатын дәрілер
Өт айдайтын дәрілер
Іш жүргізетін дәрілер
Тәбетке әсер ететін дәрілер
Тәбетке әсер ететін дәрілерді тәбетті қуаттандыратын және тәбетті төмендететін дәрілер деп бөлінеді.
Тәбет ашатын дәрілер. Тәбет төмендегенде тәбетті ашатын дәрілерді қолданады. Ащылар ащы дәмі анық байқалатын құрамынды белсенді заттары бар өсімдіктен алынған заттар. Бұлар дәм сезу рецепторларын қоздырып, ашығу орталы,ын рефлекторлы қоздырып, асқазан сөлінің бөлінуің күшейтеді, ас қорытуды жақсартып, тәбет ашады. Ащылар жусан шөбі мен жапырағының, үш жапырақты вахта сабағының, батбақты иір тамырсабағының, толғақшөптің, бақбақ тамырының, жолжелкен жапырағының құрамында болады. Ащыларды \тұнба, тұндырма, жиын\ астан 20-30 мин бұрын қабылдайды. Ащылар асқазан секрециясының жоғарлауынада, асқазан мен ұлтабар ойық жарасында және ревлюкс эзофагитте қолдануға болмайды. Ащыларды гипоацидті және анацидті гастритте, созылмалы атрофиялық гастритте және т.б тағайындайды. Ащы заттарға: бұрыш \қара,қызыл\, тұрып, желкен \хрен\, қыша жатады. Оларды тамақпенбірге қолданғанда тәбет ашатын қасиеті бар. Сонымен қатар зат алмасу процесін күшейтетін, тәбетті қуаттандыратын дәрілерге: витаминдер, анаболикалық стероидтар, карнитин және апилак жатады. Антигистаминді препарат ципрогептадин \апетиген, перитол\ орталыққа қуаттандырғыш әсер көрсететіндіктен, нейрогенді анорексияда, созылмалы ауруларда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |