Метилокситоцин – окситоциннің синтетикалық аналогі; әсері, қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.
Дезаминоокситоцин – 50 ӘБ таб. босануды күшейту үшін трансбуккальды (шайнамай және жұтпай ұртында сіңіруі қажет) әр 30 мин. Сайын 1 таб. белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын (қайтадан дамыту) тездету және лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.
Питуитрин-жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцинмен вазопрессин бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ-ды жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде қолданнылады.
Жанама әсері жағынан АҚ-ның жоғарлауы байқалады.
Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай және де гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте, тромбофлебитте және жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.
Pituitrinum-питуитрин (Б) 1мл (5ӘБ) ампулада –толғақты күшейту үшін 0,2-0,25мл әр 15-30мин сайын 4-6рет т/а,б\е енгізіледі; жатырдан гипотониялық қан кетуді алдын алу және тоқтату үшін 1мл б\е және 1мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен к\т тамшылатып, ал 1мл-ден б\е-энурезде және қантты емес диабетте белгіленеді.
Гифотоцин – құрамында вазопрессині аз питуитрин болып табылады, б/е және к/т енгізіледі.
Простогландиндер тобының препараттары: динопрост (энзапрост Ғ, простагландин Ғ), динопростон (простагландин Е2, простин Е2, препедил гель).
Простогландиндер – ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қныққан май қышқылдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простогландиндерді босануды қоздыру және қуаттандыру үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айлрында оны тоқтату үшін қолданылады.
2. Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер.
(Утеротониялық дәрілер)
Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо- және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады. Жүктілікте босануда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |