А. Тромбоциттердің агрегациясына әсер ететін дәрілер.
1. тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын күшейтетін дәрілер:
Adroxonum-адроксон (Б): 0,025% 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, салфетканы ылғалдандырып-жергілікті белгіленеді.
Aethamsylatum (Dicinon) –этамзилат (дицинон) (Б): 0,25 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне (тәулігіне 8 таб. дейін) 3 рет; 12,5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, 2-4 мл-ден к/т, б/е енгізіледі.
Екі препарат та капилляр (қылтамыр) қабырғасының күшті өткізгіштігіне байланысты, паренхиматозды және капиллярлы қан кетудетиімді. Этамзилат тамыр эндотелияларында түзілген простациклиндердің әсерінтежеп, тромбоциттердңі агрегациясына кедергі жасайды, тамырдың жарылғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді. Адроксон тромбоциттерде түзілетін тромбоксан А2 синтезіне қатысып, томбоциттердің агрегациясын тудыратын табиғи зат болып табылады.
Кальций препараттары. Кальций иондары тромбоциттердің агрегациясын белсендіріп, протромбиннен тромбинге, фибриногеннен фибринге айналуын, тромбопластин түзілуіне, сонымен қатар қан ұюының ретракциясына (тартылуы) қатысады, гипокальциемияда қолданған тиімді. Өкпе, асқазан-ішек, мұрын, жатырдан қан кетуде қан тоқтататын препарат ретінде, геморрагиялық васкулитте тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында белгілейді. Қабыну процестерінде және аллергиялық реакцияларда қолданылады.
Calcii chloridum –кальций хлориді: 10% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, тек к/е! (б/е, т/а енгізуге болмайды, себебі ұлпа некрозы пайда болуы мүмкін); 5-10% еріт. ішке 1 ас, орта немесе шай қасықтан тәуігіне 2-3 рет тамақтан соң қабылдау қажет.
Calcii glukonas-кальций глюконаты: 0,5 таб. - 2-6 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан алдын; 10% 10 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.
2. тромбоциттcalcердің агрегациясын төмендететін дәрілер(антиагреганттар) ацетилсалицил қышқылы: индобуфеен,тиклопидин, дипиридамол, ксантинол никотинаты, пармидин. Тромбоциттердің ішіндегі циклооксигеназаны ингибирлейді, тромбоксанның синтезін тежейді, гликопептидтермен әсерлесу арқылы фибриногеннің белсенді тромбоциттермен байланысуын төмендетеді. Тромбоциттер мен эритроциттердің адгезиясын тежеп, қанның реологиялық қасиеттерін қалпына келтіре отырып, мидың, миокардтың және көздің торлы қабығының микроциркуляциясын жақсартады. Жүректің ишемиялық ауруындағы тромб түзілуді алдын алу және емдеу мақсатында, тамырлардың атеросклероздық зақымдалуында жіне күре тамыр тромбозында қолданылады. Геморрагиялық бұзылыстарда, жара ауруларында, жүктілікпен лактацияда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |