Thyreoidinum- тиреоидин (Б): 0,05; 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігінде 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.
L – Thyroxin – L – тироксин (Б): 0,0001 таб. шығарылып, 1-2 таб. белгіленеді.
Қиыстырылған препараттары: <<Тиреотом>>, <<Тиреокомб>>, <<Йодтирокс>>. Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі және терлеу байқалады. Тиреотоксикозда, қант диабетінде, Адиссон ауруында, едәуір азғындықта және коронарлы артерияның жеткіліксіздігінің ауыр түрінде қолдануға болмайды. Эндемиялық (ауыз су мен тамақ өнімдерінің құрамында йодтың жеткіліксіздігінен туған) зобта (жемсау) йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді – 0,0001 таблетка; йодбаланс, йодомарин, <<Антиструмин>> және т.б.
Қалқанша безінің гиперфункциясында (гипертиреоз, Базедов ауруы) қалқанша безі гермонының синтезін төмендететін антитиреоидты дәрілер қолданады. Антитиреоидтар – гормондардың синтезін азайтып, тироксиннің, трийодтирониннің негіздік алмасуын төмендетеді. Қалқанша безінің препараттары фосфор мен кальцийдің қаннан сүйек ұлпаларына өтуін қамтамасыз етеді. Антитиреоидты дәрілер уақытты шашыраңқы жемсауда қолданылады. Mercazolilum – мерказолил (Б) : 0,005 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігінде 1-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Propiltiouracil – пропилтиоурацил (пропицил) (Б): 0,05 таб. шығарылып,2-6 таб. тәулігіне 3-6 рет тамақтан соң белгіленеді.
Жанама әсері: лейкопения. Екі препарат та жүктілікте, емізулі әйелдерге және айқын лейкопенияда қолдануға болмайды. Сонымен қатар йод препараттары: молекулалары және родиактивті йод (I131), калий йодиді. Кальцитонин (тиреокальцитонин)- сүйекке кальцийдің жинақталып қалуына жағдай жасап, гипофосфатемиялық әсер көрсетеді.
Calcitrinum- кальцитрин (Б): ӘБ 10 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, остеопорозда, парадонтозда 0,25-0,5 мл-ден күнде б/е және т/а енгізіледі. Гипокальциемияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.