Фармакология


Ампуладағы ерітінділер мен суспензияларға рецепте дәрілік түрдің аты: Solutionis…



бет32/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Ампуладағы ерітінділер мен суспензияларға рецепте дәрілік түрдің аты: Solutionis… (Ерітіндісін...), Suspensionis… (Суспензиясын,..), дәрілік заттың аты, концентрациясы мен мөлшері, содан соң D.t.d. N…in ampullis (... ампулада осындай мөлшерде босат) және S. көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
1.40% 50 мл глюкоза (Glucosum) ерітіндісінің 10 ампуласына жазыңыз. 50 мл күре тамырға енгізу үшін белгілеңіз.
Rр.: Solutionis Glucosi 40% - 50ml
D.t.d. N.10 іn ampullis
S. 50 мл күре тамырға енгізу үшін.
2.2,5% 1 мл дезоксикортикостерон триметилацетаты (Desoxycorticosteroni trimethylacetas) суспензиясының 6 ампуласына жазыңыз. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.
Rр.: Suspensionis Desoxycorticosteroni trimethylacetas 2,5% -1 ml
D.t.d.. N. 6 іn аmpullis
S. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін. Қолданар алдында шайқаңыз.
Өндірістерде дайындалатын арнайы атауға ие жаңа галенді препараттарға, сұйық органопрепараттарға; дәрілік заттардың ерітіндісіне рецепте
Rр.: сөзінен соң препараттың аты және оның мөлшері, D.t.d. N... іn аmpullis және S. көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
1 мл жаңа галенді дигален-нео (Digalen-neo) препаратының 10 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 1 реттері астына енгізу үшін белгілеңіз.
Rр,: Digalen-neo 1 ml
D.t.d. N.10 іn аmpullis
S. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.
1 мл (5 ӘБ) сүйық органопрепарат питуитриннің (Pituitrinum)
12 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.
Rр.: Рituitrini 1 ml (5 ӘБ)
D.t.d.. N.10 іn аmpullis
5. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.
3. 1 мл кордиаминнің (Соrdiaminum - 25 % никотин қышқылының диэтиламид ерітіндісі) 10 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 2 рет тері астына енгізу үшін белгілеңіз.
Rр.: Соrdiamini 1 ml
D.t.d. N.10 іn аmpullis
S. 1 мл-ден күніне 2 рет тері астына енгізу үшін.
Көптеген инъекцияға арналған дәрілік түрлер (ұнтақтар, ерітінділер, суспензиялар және т.б.) флаконда шығарылады. Флаконда қолданудың артықшылығы қолданар апдында асептикалық жағдайда дәрілік затты ерітіп, препараттың залалсыздығын сақтай отырып, бірнеше рет қабылдауға мүмкіндік береді.
Флакондағы дәрілік затқа рецепт ампуладағы дәрілік заттарға рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Айырмашылығы D.t.d. N... соң ештеңе жазылмайды. («Флакон» сөзі еш жерде көрсетілмейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет