Фармакология


Итжидек пепараттары: «Бекарбон», «Бесалол», «Белластизен», «Беллалгин»



бет94/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Итжидек пепараттары: «Бекарбон», «Бесалол», «Белластизен», «Беллалгин» таблеткасы – жара ауруларында, гастритте және шаншуларда қолданылса; «Анузол», «Бетиол» супп. – тік ішектің қабыну ауруларында, АІЖ-ң түйілуінде; ал «Солутан» - бронхолитикалық және жөтелге қарсы және т.б.дәрі –дәрмек ретінде қолданылады.
Ипратоприум бормиді (атровент) – 0,01 таб., мөлшерленген аэрозоль түрінде; окситропиум бромиді және тровентол – мөлшерленген аэрозоль түрінде шығарылып, бронхтарға тандамалы әсер етіп бронх демікпесіне қолданылады.
Прензепин – асқазан безінің М1 холинорецепторының арнайы тежегіші болып табылып, гиперацидті гастрит пен асқазан жарасында қолданылады.
Тропикамид - көз тамшысынын әсері қысқа 2-6 сағ.; гоматропин -көзтамшысы, әсері 15-20 сағ. созылады.
М-холикоблокаторларды гаукомада. миокардтың, бауыр мен бүйректің ауыр органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.
М-холиноблокагарлармен улану кезінде келесі белгілері байқалады: мидриаз, ауыз қуысының құрғауы, тері қабаттарының қурғауы, тамыр соғуының жиілеуі, психикалық қозу, галлюцинация, ОЖЖ-нің тежелуі, тыныс алу орталығының салдануынан өлімге апып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю (танин ерітіндісімен немесе белсендірілген көмірдің суспензиясымен), ішке тұзды іш айдағыш, антихолинэстеразды дәрілер, үлкен мөлшөрде тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілер, форсирленген диурез, гемосорбция және жасанды дем беру қажет.

5.Ганглиоблокаторлар симпатикалық және парасимпатикалық ганглиялардағы вегетативті түйіндердің Н- холинорецепторларын бөгеу нәтижиесінде, қан тамырлары кеңейіп, артериялық және веноздық қан қысымын төмендетеді; АІЖ-ң бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуын
тежейді. Ганглиоблокаторлар гипертониялық криз ұстамаларында, өкпе
ісінуінде, жедел ми ісінуінде, тығындалған эндортеритте, кей кезде асқазан жарасында қолданылады. Жанама әсері: ішек атониясы ортастатикалық
гипотония (алдын алу мақсатында препаратты кабылдап болғаннан соң науқас 2 сағат төсекте дем алуы кажет), аккомодацияның бұзылуы мен ауыз қуысының курғауы байқалуы мүмкін. Гипотонияда, бауыр мен бүйрек ауруларында, қан кетуде, мидан қан кетуде. Жүрек жұмысының бұзылуында, жедел миокрад инфактында қолдануға болады.
Benzohexonum-бензогексоний (Б): 0,1 және 0,25 таб.-1-2 таб. тәул. 3-6 рет; 2,5% 1 мл еріт. амп. т/а, б/е енгізіледі. Әсері 2-4 сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет