Бунақденеқоректілер отряды - кірпілер, жұпар тышқан, жертесерлер,
Кемірушілер отрядына - көк суыр, үнді жайрасы, соқыртышқан, құндыз, қалқанқұлақ.
Тек Қазақстанда ғана таралған кеміруші: Қалқанқұлақ (жалман)
Қоянтектестер отрядына жататын құм, ор және ақ қоян
Қолқанаттылар отряды- салпанқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді салпанқұлақты жарқанат
Жұптұяқтылар (ашатұяқтылар) отрядына - шошқалар мен бегемоттар
Доңыз мүшелдік жыл санауда 12-жыл.
Доңыздың аталығы –"қабан» , аналығы – «мегежін» (көшіл), төлі – «торай»
.Еліктің аталығы – «күлміз» , аналығы – «сөге», төлі – «еңлік» (лағы) деп аталады.
Арқардың қошқарын – «құлжа» , төлін – «қозықа»
Аюдың аталығы – «матай» , аналығы – «кірекей» , ұрпағы – «қонжық» , бір жасар ұрпағы – «апанақ» Қоңыр аю Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Қасқырдың аталығын – «арлан», «көкжал», «бірішек», «сырттан» деп атайды. Аналығын – «шулан», «құртқа» , күшігін – «бөлтірік» , ал қасқыр көсемін – «абадан» дейді..
Барыстың аналығы – «таутан» , күшігі – «алан» деп аталады.
Сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. – Жылқы
Сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар - Түйе .
Айыр өркешті түйенің жабайы түрі- Қаптағай
Айыр өркешті түйенің ұрғашысын – «інген», еркегін – «бура»
Айыр өркешті түйе ғылыми тілде - Бактриан
Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде - Дромадер.
Түйенің ұрғашылары 3–4 жаста, буралары 5–6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі.
сүтқоректілерді зерттейтін ғылым – маммалогия, кейде териология
Достарыңызбен бөлісу: |