Фазылжанова Анар Мұратқызы


Қазақ тіліндегі омоформалардың түрлері



бет3/3
Дата25.09.2023
өлшемі495,37 Kb.
#182332
1   2   3
Байланысты:
annotation113472

Қазақ тіліндегі омоформалардың түрлері



1.
ЕТ/ЗТ

1. екеуі де нөлдік формада: күл, ат, шық, ой, бала, сана т.б.

3. ЗТ/СН

-ты, -ті, -ды, -ді: қышқылды, гүлді т.б.

2. ЕТ vs ЗТ/жс: атта, арықта, орында, жетекте, шыңда т.б.

СН vs ЗТ/бс: қысқа, басқа т.б.

3. ЕТ/-vs ЗТ/-ма(-ме, -ба, -бе, -па, -пе): баспа, кеспе, сынама т.б.

4. ЕТ/СН



ЕТ/-а -е -й vs СН/-дай (-дей, -тай, -тей): айдай

4. ЕТ/жөш vs ЗТ/тс: жатты, жазды, басты т.б.

ЕТ/-у vs СН/-лау (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу): анықтау т.б.

5. ЕТ/-у vs ЗТ/-у: құттықтау, табу, қалау, тарау т.б.

ЕТ/жөш+жж(Ік) vs СН/-тық (-тік, -дық, -дік): қыстық т.б.

6. ЕТ/-а -е -й vs ЗТ: бөле, жуа, таға, аға, жаға т.б.

-ты, -ті, -ды, -ді: байланысты т.б.

7. ЕТ/-ыс -іс -с vs ЗТ: жиналыс, шабыс, арпалыс, ұмтылыс т.б.

5. ЕТ/ЕС

міне. сен

8. ЕТ vs ЗТ/тс: аңды

6. ЗТ/ЕС

әр, біз, ана

9.ЕТ vs ЗТ/шс: қолдан, орыстан т.б.

7. СА/ЕС

бір, біреу

10. ЕТ vs ЗТ/бс: қорға, жалға

8. ШЛ/ЕС

мен, не

11.ЕТ/жөш+жж(Іжақ;кт) vs ЗТ/-тық (-тік, -дық, -дік): аштық, қалдық

9. ҮС/ЗТ

тек, жай, анада, желе

12. ЕТ/-ып -іп -п vs ЗТ: талап, тарап, қалып, сынып т.б.

10. ЕТ/КЕ

үсті, асты, алды

13. ЕТ/-у+шы/ші(фқ) vs ЗТ: оқушы, зерттеуші, сатушы т.б.

11. ЗТ/СА

бесті

14. ЕТ/-шы/ші(фқ) vs ЗТ: басшы, қосшы, көрші, енші т.б.

12. ЕТ/ҮС

-а -е -й: аса, іше, өте т.б.

15. ЕТ vs ЗТ/тж(ІІІ): жері, тасы, қасы, ұлы т.б.

-ған (-ген, -қан, -кен): асқан

16. ЕТ/-ын -ін -н vs ЗТ/тж(ІІІ)+тс: тілін, асын т.б.

13. ҮС/СА

бірге, онда

17. ЕТ/-ыл -іл -л vs ЗТ: құрал, тоқыл, қаптал, қамал т.б.

14. ЕТ/ШЛ

де, ал, қой, қана

18. ЕТ/-мақ (-мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) vs ЗТ: оймақ, ілмек

19. ЕТ/-ыт іт -т vs ЗТ: бөгет, үгіт

15. ЗТ/ШЛ

бойы, арқасында, сайын

20. ЕТ/-ар -ет -р vs ЗТ: жанар, қатар, асар т.б.

16. СН/ШЛ

сайын, жайлы

17. ЗТ/КЕ

жаны

2. ЕТ/ЗТ/СН

-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе: қызба, аспа, екпе, түрме т.б.

18. СН/ЕС

соны

-ты, -ті, -ды, -ді: атты, басты т.б.

19. ЕТ/МД

тиіс

-у: бітеу, қадау, асау т.б.

20. ЗТ/ЗТ

жылға

-сыз, -сіз: орынсыз, гүлсіз т.б.







Осы таптастырылымда ең жиі кездесетіні – 1 түрі, яғни тіліміздегі етістік пен зат есім түрлі формаларында бір-бірімен омоним болу мүмкіндігі өте жоғары. 2, 3, 4 түрлер салыстырмалы түрде көп ұшырасады. Етістік пен үстеудің бір-бірімен омоформа болуы да қалған түрлерімен салыстырғанда жиірек (1 диаграмманы қараңыз) кездеседі.

1 диаграмма



Мұндай жиілігін шығарып, статистикалық мәліметтерді алу жұмысы омоформалардың қай түріне баса назар аудару керек екенін анықтауға, жалпы корпуста омоформаларды ажыратудың дәлдігін арттыруға көмектеседі. Диаграммадан көрініп тұрғандай, тілімізде зат есім мен етістіктен жасалған омоформалар барлық омоформалардың жартысынан да көп үлесті құрайды. Сол себепті де осы омоформаның жұбына тереңірек талдау жасалынды. Етістік пен зат есім түрлі формаларында бір-бірімен омоформа құрайды және оларды ортақ белгілеріне қарай таптастыруға болады. Олардың 20 түрі бөліп көрсетілді (1 кестені қараңыз).
Осы таптастырылымды қазақ тілінің ұлттық корпусында, морфологиялық белгіленім қоюда қалай пайдалануға болады деген сұраққа жауап іздеп, мынадай ұсынысқа тоқталдық. Морфологиялық белгіленім қоюда омоним сөздердің төмендегі белгілері негізге алынады: 1) сөздің сөйлемдегі орын тәртібі, яғни орны; 2) сөздің қоршаудағы тіркесімділігі (дистрибуциясы); 3)сөзге жалғанатын сөз түрлендіруші тұлға; 4)сөздің соңында немесе алдында тұрған тыныс белгісі [2, 294]. Аталған белгілер арқылы омоформалардың әр түріне алгоритмдер жасалады. Омоформаны ажырату үшін кейде бір белгі жеткілікті болуы мүмкін, кейде барлық белгісін де ескеру қажет болады. Мысалы, етістік нөлдік формада және зат есім жатыс септігінде болатын омоформаны келесі алгоритммен ажыратуға болады:
І. Х – етістік, егер:

  • соңынан тек етістікке жалғанатын қосымшалар келсе: Біз (қазақ) капитал дәуірін аттап өтеміз бе? (Ақбілек, Жүсіпбек Аймауытов)

  • -ды -ді -ты -ті омоним морфема келсе: Меңтай үнсіз екі-үш аттады. (Махаббат қызық мол жылдар, Әзілхан Нұршайықов)

  • сөйлем соңында келсе: етістік болу мүмкіндігі жоғары: Алды жарық, арты тұйық, ештеңеден қаймықпай, жаңа дүние, жаңа ғұмырға нық аттаған.

ІІ. Х – зат есім, егер:

  • сөйлемнің басында, ортасында келсе: зат есім болу мүмкіндігі жоғары: Атта жал, адамда қам жоқ, қыс көзі қырауда деп елдің қамын ойлаған боласың, Тәуке! (Көшпенділер. 3: Қаһар, Ілияс Есенберлин)

  • -ғы, -гі, -ғыдай, -гідей қосымшалары жалғанса: “Жарайды. Біз барамыз сендерге” деп, аттағы сарбаздарына тездетуді бұйырады. (Хан мен құмырсқалар ертегісі)

бірақ

  • -ғысы, -гісі жалғанса: 1) етістік – кел (“кеп”-келіп) көмекші етістігімен тіркессе: Осындай үстірт түсініктер бел алған соң, қазақ әдебиетінің әрідегі дәуіріне ешкім де аттағысы келмейтін; 2) 1 пункт орындалмаса зат есім: Боз аттағысы сонау тоғыз батпан шоқпарын таяқ сілтегендей үйірілтіп ойнап барады. (Көшпенділер. 3: Қаһар, Ілияс Есенберлин) [7]

Осылайша омоформалардың мүмкіндігінше барлық түріне арнап олардың формалды белгілеріне қарай алгоритмдер құрылса, корпуста омонимдерді ажырату ісін автоматтандыруға болады. “Нұсқаулықтар көп болған сайын да морфологиялық талдауыштар (анализаторлар) жұмысы жақсара түседі, автоматты талдаудың шынайылығы арта береді”[2, 297]. Қазіргі уақытта А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында осы мәселе бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki

  2. Жұбанов А.Қ., Жаңабекова А.Ә. Корпустық лингвистика. – Алматы: “Қазақ тілі” баспасы, 2017. – 336 б.

  3. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. – Алматы: Қазмембас, 1658. – 128 б.

  4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – 2 басылымы. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.

  5. Сүйінкина П. Омонимдес бірліктер туралы. // Қазақстан мектебі. – 2013. -№9. -31-33 б.

  6. Фазылжанова А.М. Сөздіктің құрамы, құрылысы мен статистикасы // Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі. – Алматы: Дәуір, 2016. – 8-55 бб.

  7. Алматы қазақ тілі корпусы http://web-corpora.net/KazakhCorpus



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет