«Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм



бет3/7
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#18353
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Не сәтті өтті?
Мұғалім өз жұмысын бағалай алды. Себебі ол, өз сабағының жағымды және жағымсыз жағын көріп, жағымсыз жағын түзету жағын іздеді.
Мұғалім оқудың идеясын яғни, оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасауды түсінді. Оқушылар дербес оқушы ретінде қалыптаса бастады. Оның дәлелі /олар өздері жұмыс жасады, постер, эссе жазды, ойын еркін айтты, диалог орнатты, демократия орнады. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарды. Топтық жұмысты өз деңгейінде болды. Cебебі мұғалім топтық жұмысты екі топ арасындағы сайысқа айналдырды, топ мүшелері ролдерге бөлінді, бірлескен жұмыс жасаудың алдында оқушылардың өзіне топ ережесін жасаудың маңыздылығын түсіндіре кетті.
Жоспар бойынша тәлімалушы Уристимбаева Л.М. 4 сабаққа орта мерзімді жоспар құрастырып, сол бойынша сабақтар өткізді. Таңдап аланған пән «Әдебиеттік оқу». Сабақтар тақырыбы «Н.Айтов Оқулық», «Абай. Күз», «Ж. Қашқынов. Ұнатам күзді мен», «Ф. Оңғарсынова. Білім керек бәріне». Сабақтарда пайдаланған оқыту әдістері сұрақ-жауап, әңгіме, топпен жұмыс, мақтау, екі жұлдыз, бір ұсыныс, кері байланыс, «ыстық орындық».

Сабақтан көрініс

Мысалы, топпен жұмыс:


«Көкөністер» тобы: күздегі пісетін көкөністердің суретін саласыңдар.
«Жемістер» тобы: жемістердің суретін саласыңдар.
«Құстар» тобы: құстардың атауларын жазасыңдар және суреттерін саласыңдар.
Топтар бір-бірінің жұмысын, суреттерді салып болғасын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалады және бағалау барысында оқушылар сыни бағалау байқалды. Егер алғашқы сабақта оқушылар бағаны жоғарылатып қойған болса, кейінгі сабақтарда қойылған бағалардың себебін түсіндіре білді және баға әділ болғандықтан ешқандай дау шықпады.
Сабақтың рефлексиясында оқушылар «сабақты түсінгендіктерін, олар үшін өздерін-өздері бағалау жаңалық болғанын, өзін-өзі бағалау барысында әділдік болады, әр адам өзінің білім деңгейінің қаншалықты екеніне көз жеткізеді, осындай сабақтар жиі болса екен...» деген ұсыныстар айтты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет