1. Күрделі фермент құрамында субстраттың катализдік өңделіп өзгеруіне қатысады, бұл кезде кофермент оның активті ортасында енеді;
1. Күрделі фермент құрамында субстраттың катализдік өңделіп өзгеруіне қатысады, бұл кезде кофермент оның активті ортасында енеді;
2. Бір субстраттан екінші субстратқа(не басқа ферментке) электрондарды, протондарды немесе химиялық топтарды тасымалдайды.
Кофермент биохимиялық реакцияларда келесі қызмет атқарады:
Ферменттің активті орталығы
Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады;
Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі.
Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.
Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:
Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:
цистеин,құрамында сульфгидрлік тобы –SH бар;
серин, гидроксильдік -OH тобы бар;
гистидин, имидазол сақинасы бар;
аспарагин мен глутамин қышқылдары құрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар;
триптофан, құрамында индол сақинасы;
гидрофобты амин қышқылдары, құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.
Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.
Аллостериялық орталық
Екі немесе одан да көп суббөліктен тұратын бірқатар ферменттерде, өзінің катализдік орталығынан тыс, молекула бетінде қосымша байланыстырушы учаске болады, ол учаске аллостериялық орталықдеп аталады. Мұндай ферменттер аллостериялық ферменттер деп аталады.
“Аллостериялық” (грек. Allo - басқа, stereos - орын) деген термин “басқа жермен байланысты” не “басқа орталықпен байланысты” деген мағынаны береді.
Ферменттердің аллостериялық эффекторлары: субстраттар немесе реакция өнімдері, нуклеотидтер (АМФ,АТФ), амин қышқылдары, металл иондары, сутегі иондары.