Ферменттерді химияда,өнеркәсіпте және медицинада пайдалану


Медицина саласында пайдалану



бет2/3
Дата15.05.2023
өлшемі3,51 Mb.
#176745
1   2   3
Байланысты:
Ilias sadyrbay

Медицина саласында пайдалану

  • оларды ветеринария, фармакология, селекция, ауылшаруашылығында қолданылуынан бөліп қарауға болмайды. Гендік инженерияда адам білімінің жаңа саласы ретінде ферменттер жұмысы қолданылады. Мақсатқа сай генетикалық материалдың in vitro (сынауықта) жаңа үйлесімін жасауға байланысты барлық үдерістер де тірі жасушадағы барлық басқа тіршілік әрекетінің үдерістері сияқты ферменттер арқылы бақыланады. Молекулярлық-генетикалық зерттеулер кезінде бактерия жасушасында ДНҚ молекуласын қатаң белгілі бір бөліктерде фрагменттерге «кесуге» қабілетті рестриктаза-ферменттер болатыны анықталған. Сонымен қатар ДНҚ фрагменттерін қосатын («тігетін») лигаза-ферменттер де болады. Зерттеу қорытындысында прокариот жасушаларында да, эукариот жасушаларында да тұқымқуалаушылық ақпараттың өзін-өзі көшіру және жүзеге асыру үдерісін бақылайтын барлық ферменттер біртіндеп сәйкестендірілді. Гендік инженерия негізіне іргелі төрт жаңалық алынды: 1. ДНҚ-ны «кесетін» ферменттер – эндонуклеаз бен экзонуклеаз немесе рестриктазаның ашылуы. 2. ДНҚ-ны «тігетін» ферменттер – лигазаның ашылуы. 3. ДНҚ және РНҚ синтезін жүзеге асыратын жасуша ферменттері – полимеразаның ашылуы. Репликация ферменттері: ДНҚ-тәуелді ДНҚ-полимераза. Транскрипция ферменттері: ДНҚ-тәуелді РНҚ-полимераза немесе транскриптаза. РНҚ матрицасы бойынша ДНҚ синтезін катализдеуге қабілетті құрамында РНҚ бар вирус ферменттері – РНҚ-тәуелді ДНҚ-полимераза немесе олардың едәуір қарапайым атауы – кері транскриптазабасқа ферменттерден кейіндеу анықталды. Бұл жерде тек негізгі ферменттер аталды. Шын мәнінде, жасушада тұқымқуалаушылықты жүзеге асыру үшін едәуір көп ферменттер қажет. 4. Бөтен геном фрагментінің басқа жасушаға орналасуын жүзеге асыруға қабілетті «вектор» – ДНҚ-ның кішкентай фрагменттерінің ашылуы және зерттелуі. Соңғы жаңалық ферменттердің ашылуымен және зерттелуімен тікелей байланысты болмаса да, жоғарыда үш пунктте аталған ферменттерсіз адамзатта ДНҚ-мен манипуляция, «будан» молекулаларды жасау және оларды жасушаға енгізу мүмкіндігі болмайтын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет