Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі–сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделетін еді. Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі–кимешек ақ матадан дайындалған.
Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері.
Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері.
Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі , ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды. Отпен тазарту “аластау” түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды. Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды. Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айрықшаланатын көптеген аспан денелерін білді, олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да, түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Құсжолы, Сүмбіле – таразы және т.б. осындай жұлдыздар болып саналады.