1 Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.
2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкіліне оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.
3. Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды. Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазбаны медицина қызметкері жүзеге асырады және оған қол қояды.
4. Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.
Қорытынды
Дәрігердің құқығы әрқашан қорғалуы керек. Дәрігерлер де соның есебіне өз міндеттерін тиянақты орындап, қателікке жол бермеуі тиіс.Әрбір дәрігер өз құқығын толық, жетік меңгерген жағдайда ғана, көптеген жетістіктерге жете алады. Жұмысында да, ем жүргізу процесінде де талай оң нәтижелерге қол жеткізері сөзсіз. Бекітілген дәрігер құқығын бұлжытпай орындауы нәтижесінде, өзінің әріптестерімен де науқастармен де жақсы қарым қатынаста бола алады. Өз лауазымын көтеріп, әріптестері арасында ерекше құрметке, сыйластыққа ие болып, болашақта үлкен табыстарға қол жеткізуі әбден мүмкін. Сондықтан әрбір медициналық жоғары оқу орындарының студенттері болашақта жетік нағыз маман дәрігер болу үшін өз құқықтарын білуі қажет.