В Жылқышы
С Бала Ораз
Д Тыныштық
Е Ізім Шайыр
86."Қалмақтың қарғысы" жырының авторы
А Досқожа
В Күдері
С Сүйінбай
Д Мұрат
Е Қожаберген
87."Әттең, бір қапы дүние-ай!" өлеңін шығарған
ақын
А Махамбет
В Шернияз
С Абыл
Д Қашаған
Е Мұрат
88.Шернияздың Баймағамбетке
арнауының көпке
белгілі нұсқасының саны
А Бір нұсқа
В Екі нұсқа
С Үш нұсқа
Д Төрт нұсқа
Е Бес нұсқа
132
89.Шернияз ақын өлеңін көрсетіңіз
А "Исатай мен Науша"
В "Өлім"
С "Не деп айтсам жарасар?"
Д Сыйқыттың тойын бастауы
Е "Үлгілі сөзді сөйлейін"
90.Дулат Бабатайұлының "Тауды екіге жарасың" деп
басталатын өлеңіне арқау болған өзен атауы
А Тентек
В Шынжылы
С Ай
Д Таңсық
Е Аякөз
91.Дулат ақынның дастанын көрсетіңіз
А "Ескендір"
В "Шаштараз"
С "Сабалақ"
Д "Қалқаман-Мамыр"
Е "Салиха-Сәмен"
92."Өткен заманды жоқтап айтқан толғауын" шы-
ғарған ақын
А Шортанбай
В Мұрат
С Әбубәкір
Д Ақмолла
Е Базар
93.Әбубәкір Кердері ақынның Қазанда Кәрімовтар
баспасында басылған кітабы
А "Бала зары"
В "Өсиетнама"
С "Әдебиет қазақия"
Д "Насихат қазақия"
Е "Манзумат қазақия"
133
94."Өмірдің өтуі" толғауын шығарған ақын
А Шортанбай
В Әбубәкір
C Мұрат
Д Шәңгерей
Е Базар
95."Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау
алыбы" аталған жырау
А Дулат
В Марабай
С Базар
Д Мұсабай
Е Ақтан
96.Үзінді алынған Әбубәкір Кердері өлеңі
Әуелі туғаннан соң бірге жеттім,
Еңбектеп екі жаста төрге жеттім.
Үш пенен төрт жасымда төрге шығып,
Шүлдірлеп ата-ананы ермек еттім…
А "Байлар хақында айтқан өлеңі"
В "Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі"
С "Сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі"
Д "Қазағым, қапыл болмаңыз"
Е "Үйіне қондырмаған қызға айтқан өлеңі"
97."Мұрат Мөңкеұлы" атты зерттеудің авторы
А М.Мағауин
В Е.Ысмайылов
С М.Әуезов
Д Б.Омарұлы
Е Х.Сүйіншәлиев
98."Зар заман ағымы" атты оқу құралының авторы
А М.Мағауин
В Б.Омарұлы
134
С М.Әуезов
Д Қ.Мәдібай
Е С.Мұқанов
99."Алқаласа әлеумет" атты жинақ қай жылы
жарық көрді
А 1801
В 1991
С 1900
Д 1701
Е 1905
100.Қазақ әдебиеті тарихында зар заман ағымын
ғылыми негіздеген ғалым.
А Ахмет Байтұрсынов
В Халел Досмұхамедұлы
С Мұхтар Әуезов
Д Сәбит Мұқанов
Е Әуелбек Қоңыратбаев
135
Зар заман ақындары поэзиясының қазақ әдеби
процесіндегі маңызы
Ресей отаршылдығындағы езілген елдің санасына қозғау
салған ақындар мұрасы сол тұстағы өзекті мәселелерді дер ке-
зінде көтеруімен ерекшеленеді. Арысы Асан қайғыдан басталған
отаршылдыққа қарсы күрес ақындар шығармаларында заңды
жалғасын тапқандығы талдаулардың нәтижесінде тұжырымдал-
ды. Қазақ әдебиеті тарихында «зар заман» әдебиетін зерттеу-
шілер ақындар мұрасына соқпай кетпейтіндігі ғылыми тұрғыда
тұжырымдалды. Жоғарыда сөз болған мәліметтердің бәрі де елі-
міз егемендік алғаннан бері ақындар мұрасына біршама көңіл
бөлінгендігін байқатты. Соңғы жылдары жазылған үлкен-кішілі
зерттеулер мен көпшілік мақала, естеліктерге сүйене отырып
ақындардың өмір жолы анықталды. ХХ ғасыр басында өмір
сүрген Алаш қайраткерлері тәрізді зар заман ақындары да сол
тұстағы Ресей патшасының боданына ұшыраған елдің бас бос-
тандығын, азаттығын ойлап зар иледі. Сондықтан да олардың
шығармаларында мұң, зар басым еді. Отарлаудың адам төзбес
зардаптарына куә болған ақындар, қазақтың өз жерінен айырыла
бастауына төзе алмады. Олар ел ішіне келген әрбір жаңалыққа
үрке қарады. Олардың ХІХ ғасыр поэзиясында ұлт-азаттық
күрес тақырыбына баса назар аударған, халқының тәуелсіздігін
жырлап өткен ақындар екендігін көрсету мақсатында мұралары
жан-жақты қарастырылды. Кез келген туындының басында жеке
тұлға тұратыны белгілі. Ал, жеке тұлғаның адамгершілік кел-
беті, ерекшеліктері, рухани қазыналарды игеруі, қарымының қа-
лыптасып, қаламының ұшталуы мен ойының ұшқырлық тауып
үйлесіп отыруы өзі өмір сүрген ортасының барлық қиыншы-
лықтарымен тұтастықта алып қарағанда айқын көрінеді. Сон-
дықтан да зар заман ақындары өмір сүрген дәуір мен замана
көрінісін бірлікте ұстай отырып беру басты мақсатымыз болды.
Осы мақсат үдесінен шығу барысында ақындар өмір сүрген
заман көрінісін тарих деректеріне, мұрағат құжаттарына, қалам-
герлер еңбектеріне сүйене отырып талдап, таразылауға мүм-
кіндік алдық. Соның арқасында, ақындар туралы айтар ойымыз
136
тың деректермен үнемі толығып отырды. Ақын жанының ай-
қайы – елдің тәуелсіздігі жолындағы ащы айқай болатын. Бұл
сипаттарды өмірдің ақиқатына салған ақын оны шығарманың
мазмұнына айналдырып, мазмұн мен түрдің үйлесімін жасай
білді. Мұны жай ғана баяндап қоймай әдеби көркемдеу құрал-
дары арқылы, образды сөздердің үстімен көрсетуге тырысты. Ол
үшін бір оқиғаны беруде бірнеше көркемдіктерді қатар пай-
даланып нағыз көркемсөз шебері екенін танытты. Әсіресе, елдің
экономикалық өзгеріске ап дегеннен үйреніп кете алмай тосын
дүниедей қарауы, ақын ойымен дәл де анық сипаттталады. Базар
саясатының, нарық заманның қулығы мен тапшылығы қара-
пайым халықтың күйзелісіне әкелгенін білеміз. Бірақ бұл құбы-
лыс ақындар шығармашылығына үлкен серпілісті, тың тақы-
рыптар мен суретті, әдемі көркемдікті, тілдік, троптық өзгеше-
ліктерді әкелді. Соның бәрінде де ақынның психологиялық ой
иірімдеріне түсіп кетуіне, сезіміне әсер етіп, көңіл күйіне ай-
тарлықтай салмақ түскенін байқаймыз. Зерттеу барысында ке-
ңестік
дәуірдің
алғашқы
жылдарында
І.Жансүгіров,
М.Әуезовтің оң пікіріне ие болған А.Барманбекұлы мұрасы
еліміз тәуелсіздік алғаннан бері біршама сөз болғаны анықтал-
ды. Қазіргі таңда Асан ақынның еңбектеріне әділ баға беріліп,
зерттеу нысанына да алынып жатыр. Ақын өлеңдері «Қазақ поэ-
зиясының антологиясы» сынды ірі басылымдарға ене бастауы-
ның өзі оның шығармаларының өміршеңдігін танытады. Қолға
түскен мәліметтер негізінде шығармашылық өмірбаяны нақты-
ланып, отбасылық өмір деректеріне шолу жасалды. Зар заман
ақындарының соңғы өкілдерінің бірінен саналып жүрген Албан
Асан туындыларының қоғамдық сананы ілгерілетуге, рухания-
тымызды дамытуға жасаған ықпалын анықтаудағы еңбектерінің
әдебиет тарихында алар орны белгіленіп, көрсетілді.Өзінің ал-
дындағы Асан қайғы, Бұқар жырау және XІX ғасырда өмір
сүрген қазақ әдебиеті тарихында өзіндік өрнегі мен орны бар
ақындар Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір сонымен қатар
көршілес жатқан қырғыз ақындары шығармаларымен бірлікте
қарастырылып, салыстырыла, салғастырыла берілді. Сонымен
бірге «зар заман» ақындары аталып жүрген бірқатар ақын-
137
дармен Асан ақын еңбектерінің арасындағы үндестік, үйлесім-
дерін есепке ала отырып, салыстыра, салғастыра қарастыруға
күш салдық.
Жетпіс жыл бойы жүргізіліп келген солақай саясаттың
салқыны ең әуелден тарихымызды бұрмалаумен басталды десек
артық айтқандық емес. Қазақтың тарихы, елдігі, мемлекеті бол-
мады деген жабайы, анайы ұғыммен қаруланып келген халық-
тың санасына Ресейге қосылғаннан кейін ғана жарық күндер
басталды деген сенімді ұялатып, жолдан адастырып келген
ұстанымның тамырына балта шабылды. Бұл күнде қолға түс-
пейтін мұрағат деректерін қарап шығуға мүмкіндік алдық.
Еңбегімізде тарих деректеріне сүйене отырып, ақындар өмір
сүрген заман келбетін шыншылдықпен ашып көрсетуге тырыс-
тық. Мұрағат деректерін өз керекті жерінде пайдаланып отыр-
дық. Келешекте халқымыз рухани сауығып, үлкен мұраттар жо-
лында мақсаттарына жетсе деген тілек ұшан-теңіз.
138
Достарыңызбен бөлісу: |