«Ғылым таппай мақтанба »


«Ғылым таппай мақтанба...»



бет12/19
Дата07.02.2022
өлшемі255,28 Kb.
#95553
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Жоба
120511358663 Мол.ф. есептер шығару әдістемесі
«Ғылым таппай мақтанба...» — Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бұл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл іс, бес дұшпан сөздеріне талдау жасау арқылы бұл өлеңнің құдіреттілігін байқап көрейік.
Талап. Абай 44 сөзін «Адамның ең жаманы-талапсызы» деп бастайды да, талаптың да түрлері көп болатынын баяндайды.
Талаптың ішіндегі ең зоры-бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық.
Абайдың түсіндіруінше,талапсыздықтың түрлері –ынтасыздық, ықылассыздық,жігерсіздік.
Керек іс бозбалаға талаптылық,
Әр түрлі өнер-мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтанкөйлеп,
Сыртқа пысық келеді,көзге сынық.......Абай талаптың дарынды, ынтаны дамытатыны,сондықтан да халықтың «Талапты ерге нұр жауар»деген сөзді бекерге айтпағаны туралы ой толғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет