Өзекті ұғымдар:
Философия – қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /қарапайым, дін, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Көзқарастың негізгі мәселесі – адамның қоршаған ортаға қатынасы болып табылады /табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өзіне/. Осы қатынастардың негізінде жеке адам мен әлеуметтік қоғамда қалыптасқан құндылық жүйесі жатыр /игілік пен зұлымдылық, ақиқат пен жалған, үйлесімдік пен үйлесімсіздік /гармония мен дисгармония/, борыш пен іс-шексіздігі, махаббат пен кек алу, үміт пен үмітсіздік, пайда мен зияндылық, белсенділік пен қабілетсіздік т.б. Осы дүниегекөзқарастардың барлық түрлері /қарапайым түрінен басқа/ өзгеше қасиеттерге ие, яғни мәселелерді шешуде өзге тіл мен әдістерді қолданады. Философияға келсек оның теориялық қасиетін айтып кетуге болады. Әр-түрлі дүниегекөзқарас мәселелердің шешімінде /онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, эстетикалық, экзистенциалдық, праксеологиялық т.б./ ол ақылға, анықтамалық ойлауға, дәлелге арқа сүйейді. Осы оның басымдылығы да кемшілігі де деп айтуға болады. Себебі, әр-түрлі құндылыққа қатысты мәселелердің шешімі логика заңдылығына бағымбайды. Философия өзінің жалпылыққа жақын табиғатымен бүкіл эмпирикалық материалдардың жәй жиынтығы емес, керісінше соларды рационалдық тұрғыдан схемамен көрсетеді, талдау, салыстыру арқылы жүйелендіреді. Және өзінің табиғатының ерекшелігімен ол плюралсыз да болалмайды. Бірақ осы қасиетінің жақсы ұтымды жағы бар: 1. адамзат ұжымы көптүрлі және қайшылығы мол болған сон, оларға ортақ рационалды түсінік мүмкін емес; 2. реалды тарихқа қарағанда философияның плюралдылығы адамзатты болашақта күтіп тұрған әр-түрлі мәселелердің шешімін схема әлде басқа рационалды түрмен көрсете алады.
Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |