Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Біріншіден, әртүрлі ғылымда сипатталатын объектілер өзгеше



бет111/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Біріншіден, әртүрлі ғылымда сипатталатын объектілер өзгеше. Мысалы, физика мен тарихта, бұл жерде әр-түрлі объектілерді біз ортақ принциптер арқылы көрсете алмаймыз.
Осы мәселені нақты көрсетейік.
Әуелі айтып кетейік, физикалық құбылыстар адам санасынан тыс. Олар туралы білімдер өздеріне әсер етпейді. Ал, әлеуметтік объектілер туралы білім сол объектілерге әсер жасайды ма? Әрине, олай деуге болмады. Мысалы, 2000 ж. энергетикалық дағдарыс болады деп болжаған. Осылай болса, адамдар термоядерлық синтез аймағанда жедел зерттеу ізденістер жасайды. Яғни, әлеуметтік объект туралы бағдарлама сол объекті өзгертуге қолданылады. Адамның болашағы туралы білім сонша болжамды потенциалды келешекті өзгерте алады. Реалдық түрде ол болмайды, себебі, ол болжау. Ал физикада басқа жағдай. Және сонша жалпы бәрін біріктіретін принциптерде табылмас.
Басқада айырмашылықтарға тоқтауға болады. Физикалық құбылыстар әлеуметтікке қарағанда қарапайым болып табылады. Осы жағдай интеллектуалдық бақылауға негіз беретін себеп, яғни, қиын физикалық құбылыстарды математикалық теориялар арқылы ашылады.
Сөйтіп, абстрктілі объектілер негізінде сипатталатын физикалық құбылыстар қарапайым.
Мысалы, бұл жағдайда, теорияның идеалды функциясын атқаратын адамның бір абстрактілі бейнесін құру қажет, оның қасиеттерін, басқа адамдарға және қоршаған ортаға қатынасын, және сол негіз арқылы бүкіл әлеуметтік объектілердін қатынасын құруға болады.
Бірақ бұндай жол арқылы нәтижеге жетсекте, бірақ физикада орын алатын, сондай қатал және толық теория мүмкін емес.
Осындай ережемен біз биология, география, геология және т.б. құбылыстарды сипаттауда кездесеміз. Осы ғылымдардың объектілері физика объектілеріне қарағанда қиын, сол жағдайда, сандық теорияны құруда қиыншылық туылады.
Әрине, математикалық сипаттаудың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Бізге айқын, физикада дифференциалдық пен интегралдық санаулар және ықтималдық теорияның аппаратын еңгізуі қандай салдарға әкелгенін.
Математизацияландыруға бағынбайтың құбылыстарды сипатайтын математиканың жаңа аймақтары пайда болуы мүмкін.
Және, келешекте әлеуметтік, биологиялық, географиялық т.б. құбылыстардың сапалық қасиеттері ашылады деп үміттенеміз, ол өзгеше аймақта дәлдеу теориялардың құруына ықпал етеді. Бірақ, ол сирек және саналы фундаменталды принциптерге бүкіл ғылыми білімнің редукциясы мүмкін ба?
Осы жоғары айтылған аргументтер бойынша, келесі пікір дұрыс деп санаймыз: әр ғылыми теория өзінің интенсивті және экстенсивті дамуында шектеледі.
Ғылыми теория – ол белгілі абстракция жүйесі, олар арқылы реалдылықтың қасиеттерінің нақты қатынасында мәнді және мәнсіз субординациясын ашамыз.
Былай деп айтуға болады, ғылыми теория реалдылықтың бір қырын ашады. Ешқандай абстрактілі жүйе реалдылықтың байлығын қамтып алмайды. Ғылымда міндет түрде бір-біріне келіспейтін, бір-біріне редукцияланатын әр-түрлі абстрактілі жүйелер болу қажет, олар реалдылықты әр қатпарында ашады. Олар нақты түрде бір-біріне қатысты, бірақ, бір-бірінен аспайды.
Біздің пікірімізше, сол себепте әлеуметтік құбылыстарды биологиялыққа, биологиялықты – физикалық-химиялыққа, химиялықты – физикалыққа айналдыруға болмайды. Сонымен қатар, физика шеңберінде де сондай, бүкіл физикалық құбылыстарды біріктіретін теория мүмкін емес. Мысалы, жылу статистикалық механика арқылы сипатталатың құбылыстарды механикалыққа келтіруге болмайды, механикада бейнеленбейтін өзгешелігі бар.
Ғылымның бірлігі білімнің абсолюттік редукциясында қана көрінбейді, осыған қосымша, абстрактілі жүйелердің қиын байланысында да айқын.
Теориялар терең болуы мүмкін, бірақ тар, яғни, салыстырмалы тар пәндік аймақты қамтиды, мысалы, электродинамика, термодинамика т.б. Кең, бірақ нашар теориялар да кездеседі, олар жүйенің жалпы теория типі сияқты. Мүмкін, физикада бір ортақ пікір арқылы әр-түрлі физикалық құбылыстарды сипаттайды. Бірақ, ондай теория олардың өзгешелігін бейнелемейді. Сөйтіп, ол тек жалпы жағын көрсетеді.
Гейзенбергтің пікірінше, физикада төрт фундаменталды жабық қайшылықсыз теориялар бар: классикалық механика, термодинамика, электродинамика, кванттік механика. Олар толық түрде реалдылықты сипаттайды. Оның пікірінше, ұқсас тенденцияны біз басқа ғылымдардың дамуында байқаймыз. Әр жерде біз нақты және тұрақты байланыстарды шығару және оларды өзгеше жабық анықтама жүйесімен сипаттауды, түбінде ғылыми теорияларды құрастыратын талпынысты байқаймыз.
Сөйтіп, ғылымда интегративтік функция орын алады. Теория әр-қашанда көп түрлі құбылыстарды біріктіріп, оларды саналы приниптерге айналдырады. Бірақ бұндай біріктіру процесс шекті. Немен ол шектеледі? Априори әрине, оны айтуға болмайды. Тек сол айырмашалақты елестеу қажет. Олар ғылымның даму кезеңінде байқалады. Оны тарих дәлелдейді.
Сөйтіп, әр ғылыми пән өзінің білім интеграциясындағы жетістіктеріне қарамай, бір-неше салыстырмалы түрде ұғымдары бар теорияларды біріктіретін ғылыми аймақтардан тұрады. Тек солар сол пәндік аймаққа сай, қатысты эмпириялық материалды біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет