Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Рационалдылық пен түсінудің стандарттары –



бет64/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Рационалдылық пен түсінудің стандарттары – «ғылыми теорияның негізіндегі рационалдылық пен түсіну стандарттар» ретінде қызмет ететін және тарихи қалыптасу теория сияқты дамитың эпистемологияның негізгі ұғымы болып жарияланады.
Тулминнің пікірінше, ғалым қабылданған стандарттарға сәйкес оқиғалар мен құбылыстарды анық деп есептейді. Ғылыми білімнің рационалдылығы, Тулмин айтуынша, қабылданған түсіну стандарттарға сәйкес келу. Рационалдылықтың стандарттары ғылыми теорияның өзгеруімен ауысады - үзілмейтін концептуалды жаңалықтарды іріктеу процесі.
Түсіну матрицасы – бұл ұғым арқылы эпистемологияны түсіну мен рационалдылықтың стандарттарының қызметі мен тарихи қалыптасу теориясы деп санайды. Тулмин пікірінше, қабылданған стандарттарға сәйкес жағдайлар мен құбылыстарды ғалым анық деп санайды. «Түсіну матрицасының» шеңберіне сиымайтынды аномалия деп санайды және оны жоққа шығару ғылым эволюциясына шабыт.
Концептуалды популяциялар – С. Тулминнің концепциясында теориялардың мазмұнды пікірлерін логикалық жүйе сияқты емес, анықтамалардың өзгеше популяциясы ретінде қарастыратын ұғым. Тулминнің пікірінше, ғылымның эволюциясының негізгі қасиеттері Дарвиннің биологиялық эволюцияның схемасына ұқсас. Концептуалды популяциялардың мазмұны /биологиялық түрлердің аналогтары/ өзгеріске ықпал, яғни, оның нәтижесінде ғылыми іс-әрекеттің әдістері мен мақсаттары өзгереді; концептуалды жаңалықтардың шығуы сынау іріктеумен балансқа келтіріледі /биологиялық мутация мен селекцияның аналогтары/. Бұл екі ұштасты процесс тек нақты жағдайда өзгеріске әкеледі /өмір үшін күрестегі құтаю мен жоғалу аналогтары/; интеллектуалды ортаның қажеттіліктеріне адаптация жасаған концептуалды нұсқаулар сақталады.
1. К.Р. Поппердің сыншыл рационализмі.
Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) – британдық философ. Австрияда дүниеге келді, әуелі физика, математика мен психологияны содан кейін философияны Вена университетінде меңгерген, 1937-1945 жж. Жаңа Зеландияда философиядан дәріс оқыған, кейін 1945 ж. Лондонның экономика мен саяси ғылымдар мектебінде профессор, логикадан дәріс оқыған, 1949-1969 жж. сол мектепте логика мен ғылым методологиясының профессоры. Вена ұжымынң дискуссияларына қатысқан, оның бағдарламасына сынау жасаған; 1946 ж. бастап, өзінің шәкірттерімен бірге ғылым философиясында сыңшыл рационализм аталатын жаңа бағытты қалыптастырған. Поппердің шәкірттерінің қатарына кіретіндер: Лакатос, Фейерабенд, Агасси, Уоткинс, У. Бартли т.б. Поппердің пікірінше, сынау ғылымның негізгі әдісі және ғалымның әдетінің негізгі рационалды стратегиясы.
Поппердің көзқарасын 20 ғ. басында физикадағы жаңа теориялар, логикалық позитивизмнің идеялары, кантианшылдықтар /Нильсон/ өзгертті. Өзінің сыншыл рационализм атты философиялық концепциясын неопозитивизімге антитеза ретінде құрастырды: верификацияның орнына демаркацияны; индуктивизімге қарсы болды; демаркацияның әдісі – фальсификация /бәрін жоққа келтіру/.
Карл Поппердің методологиялық идеялары батыс философиясында – сыншыл рационализм - әйгілі бағыттың негізін қалыптастырды. Рационализм ғылыми білімнің мінездемесі және зерттеу процесінде ғалымдардың қызмет әдеті ретінде айқын. Сыншыл рационализімнің жарияланған принциптеріне компромиссіз сынау, білімнің принципиалдық гипотетикаландырыуы жатады, себебі, абсолюттік ақиқаттың иелігіне шабыт беретін рационалдылықсыз жағдай.
Попперді неопозитивистік дәстүрмен байланыстырады, бірақ Витгенштейн сияқты ол Вена ұжымының қызметіне қатысы жоқ. «Өзімнің сынаушылырыма жауап» әлде «Өмірбаяным» атты шығармасында ол осы мәселені анықтайды; Отто Нейрат Попперді Вена ұжымының ресми оппоненті деген. Аналитиктарға қарсы ол өзінің бағдарламасының мәні туралы былай деген: «Сөзбен мағыналарды қазбаламай, сыналған теориялармен олардың құңдылығын анықтаумыз керек».
К. Поппердің, ғылым философияның өкілі ретінде назарын ғылыми білімнің өсу мәселесіне аударады. Бірінші шешім қадамы ретінде ол демаркацияны – ғылымды ғылым еместен ажыратуды ұсынады. «Демаркация» терминің Поппер ғылымның шекарасын анықтауға енгізген. «Мен ғылым мен ғылым еместің аралығын көрсеткім келді, себебі, ғылым көп жағдайда қателеседі, ал ғылым емес кездейсоқтықта ақиқатқа ұрынуы мүмкін». Демаркация мәселесі /бөлу, ажырату/ ғылымды иррационалды аңыздар мен квазиғылыми құбылыстардан, экзистенциалдық, идеологиялық қатпарлардан босатуға арналған. Бірақ, демаркация кең мағынасында эмпириялық ғылымдарды математика, логика мен метафизикадан бөлу мөлшерлерді іздеу. Демаркация белгісі ақиқатты әлде жалғандық қатынастырға теңделмейді, ол тек ғылымның нақты аймаққа қатысын білдіреді. Индуктивті логика демаркация белгісінің ерекшелігі мен лайықтығын анықтамайды. Поппер атуынша: «демаркация белгісін келісім әлде конвенцияның ұсынуы деп түсіну керек».
Ғылыми өлшемнің ең әлсіз нүктесі – тәжірибелік тексеру – олда жетілмеген. Яғни, теорияны дәлелдемейтін де фактілер кездеседі.
Л. Витгенштейннен келесі пікір жалғас алады, әр ғылымдылыққа қатысты теория фактілерге /протоколдық пікірге/ сүйенеді, және тәжірибенің нәтижесі болады. Ал Поппер таза бақылаудың мағынасыздығын, әлде нақты, бақылау тек тандамалы және мақсатты деп жариялаған. Сөйтіп, ол анық жариялаған: «Теорияның ғылыми статусының белгісі оның фальсификациялануы мен жоққа келтірілуі...». Әр жақсы, жетілген теория тиым салады, теорияның тиым салуы көп болса, ол жетілген, басқа теориямен жоққа келтірітіруі тек бір сәтте.
Басқа жағынан қарасақ, Л. Витгенштейіннің бақылаудын үстемді шешімімен келіссек, тәжірибелік білім теорияның ақиқатты екендігіне толық негіз болалмайды, себебі, тек бір факт арқылы теорияны жоққа келтіруге болады. Дәстүрлі мысал: биологтардың пікірінше, аққулар тек ақ түсті деп саналған, Австралияда қара түстілер кездескенше дейін.
Осыларға назарын аударып, Карл Поппер верификацияның альтернативасы деп теорияны принципиалды түрде жоққа шығаруды, оның фальсификациясын ұсынады. Осы жағдайда, ғылыми деп соңғы ақиқат деп жарияланған емес, жоққа келтірілгенді санаймыз. Ғылыми емес құрылыстар /қосымша метафизикада/ фальсифицияландырылатың ғылыми теориялар қарағанда жоққа келтірілмейді, себебі, жоққа келтіру эмпириялық, тәжірибеге негізделген білімді дәлелдейді, яғни, оның ғылымдылығын, фактілермен байланысын. Ғылымдылықтың идеалынан алшақ ғылыми емес концепциялар мәнінде жоққа келтірілмейді. Оны ешқандай факт жоққа келтірмейді, себебі, ол фактілермен жұмыс жасамайды. Поппер өзі осыны түсініп, жазған: «Менің білім теориясынна деген қатысым революционды болғансон, сол себепте, мен ойламағандай, қабылдауда қиындық тудырды».
Оның пікірінше, ғылым мен рационалдылық тоталитарлы иррационалдылықтың рухыны қарсы болатын негіз. Демаркация мен фальсифицияландыру идеясы – оған әлемде атақ әкелген жетістіктер. Фальсифицияландыру принципі верификация принципіне альтернативаны құрастырады және бірінші позитивистермен қорғалатын индуктивизм принципіне сынау тудырады. Индуктивизімге қарсы Поппер эмпириялық бағдарламалардың рационалды құрастырылған схемалар үстемді ғылыми зерттеудің гипотетикалық-дедуктивтік моделін ұсынады. Эмпириялық бағдарламалар өздері конвенционалды түрде қабылданған эмпириялық негізге арқа сүйейді. Сөйтіп Поппер Вена ұжымының қисан эмпиризімінен бет бұрады. Ол зерттеудің теориялық пен эмпириялық деңгейлерінің теңдігімен байланысын қөрсетуге тырысты.
Фальсифицияландырылу теориясы 1965 ж. Лондон коллоквиумінде жарияланды, келесі бірнеше жылдар Еуропа мен оның шеңберінен тыс ғылым философиясының пікір-таласының орталық тақырыбы болды. Күмәнсіз, фаллибилизм туралы тұнғыш рет айтқан Ч. Пирс /1839-1914 жж./, бірақ артикуляциаландырылған доктринаға К. Поппер өзінің «Ғылыми білімнің өсуі мен логикасы» атты шығармасында /1934 ж./ айналдырды. Фаллибилизімді тек 60-шы ж. қолдана бастады. Попперниандік қозғалысқа кіргендер: Дж. Агасси, Дж. Уоткинс, Дж. Фрезер.
Поппер өзінің фальсифицияландыру концепциясын келесі тұжырымнан бастайды – теориялық білім шамамен болжамды, ол қателікке ұрынады. Ғылыми білімнің өсуі ғылыми гипотезалардың ұсынуы мен жоққа келтіруді негіздейтін процесс. Соңғысы фаллибилизм принципінде бейнеленеді. Поппер сенеді, қанша тексерістен өтседе ғылыми теориялар қателесуі мүмкін, олардың мүмкіндігі нөлге жақын. Басқаша айытқанда, теориялардың бәрі қате деп қателесуге болмайды. Сонымен бірге ол өзінің жағымды принципін ғылым философиясының идеялық ағымдарының контекстіне қоюға тырысты. Конвенциялық пікір бойынша табиғат заңдарын бақылаумен фальсифицияландыруға болмайды және жүйелерді фальсифициландырылған әлде фальсифиландырылмайтыңға бөлуге болмайды, бұндай бөлініс анықсыз деп тұжырымдайды. Сөйтіп, осы принциптін түсіндіруінде кейбір қозғалыс бар.
«Фальсификация» термині теорияға қарсы келетін эмпириялық фактілер арқылы теорияны жоққа келтіру деген мағынаны білдіреді. Фальсифицияландыру дегеніміз әр ғылыми теорияның фальсификацияға ашықтығы. «Фальсифицияландыру дегеніміз теория оны дәлелдейтін, яғни, дедукция арқылы тұжырымдалынатын тек эмпириялық фактілермен бірге емес, сонымен қатар, теорияға қарсы, әлі белгісіз эмпириялық куәландырылмаған потенциалды фальсификаторлар тобы. «Теория «эмпирикалық» әлде «фальсифицияландырылатын» деп аталады, ол екі класс мүмкіндігінн, негізгі пікірлерді ек қуыссыз подклассқа бөлсе: бірінші, өзімен сәйкес емес, өзіне лайық емес негізгі пікірлер классы; екінші, өзіне қарсы емес, өзі «жіберетін» негізгі пікірліедің классы». Осы анықтаманы нақты айытсақ, теория фальсифицияландырылады, оның потенциалды фальсификаторлардың классы қуысты /бос/ болмаса.
Алғашқы «қияли фальсификационизімнен» /тәжірибемен жоққа келтірілген гипотезалар түсіп қалады/ фальсификацинизімді жетілдіруге қозғалыс /териялар ұқсастық арқылы тексеріледі және жақсы дәлелделген теориялар түсіп қалмай басқа продуктивті фактілермен түсіндірілген теорияларға/. Бұл жерде жаңа ұғымға сұраныс бетке шығады – корроборация, яғни, теорияның мүмкіндігін көтермейтін, оның фальсифициаландыруын бұзбайтын дәлел. Теория корроборияландырылған деп саналады, одан эмпириялық куәліктер жиналса. Басқа тең жағдайларда теория корроборияландырылгған деп саналады: 1. потенциалды фальсификаторлар классы кең болса; 2. қатал тексрістен, яғни, қиын, күтпеген эмпириялық куәлікпен – қабылданған теорияларды фальсифицияландыратын гипотезаларды қабылдау».
Поппер ғылыми білімнің өсуін жалпы әлемдік эволюциялық процесстің нақты оқиғасы дейді. Өзінің эволюциялық эпистемологиясын индуктивистік дәстүрмен пікір таласта дамытқан. Ғылыми теориялар индуктивтік процесстер арқылы құрылмайды. Біздің ақылымыз tabula rasa емес. Поппер болжамсыз және идеялардың «иррационалды» инъекциясын қабылдайды. Оған қатысты тағы бір пікір – методология эволюцияға қарсы қасиеттердің иесі, себебі, ғылыми методология ғылыми білімнің унификациясыны /бірлігіне/ әкеледі, ал эволюциялық процесс көп түрлікке әкеледі. Сол себепте, Поппердің методологиясы эволюциялықтың аналогі, өзгеру, іріктеу, бекіту анықтамаларды қолданады.
К. Поппердің эпистемологиялық позициясын кумулятивизімнің стандарттарына қарсы деп бағалайды. Оның пікірінше, ғылымның мақсаты тұрақты түрде өзін жаңарту. Ғылым мәселеден басталады, ғылыми теория ғылыми білімнің өсуіне қосатын үлесі – жаңа мәселерді тудыру. Алғашқы Поппер үшін антикумулятивизм тәрізді, яғни, ғылымда жоққа келтірілген теорияларды сақтау.
Сөйтіп, Поппер кумулятивтік метолологияда қалыптасқан бірізгілік принципті жоққа келтіреді. Ғылымға ешқандай даму ізгілік тәрізді емес, әр жаңа теория жаңа сызықты жаратады. Ғылым тарихы «тарихи преценденттердің» жиынтығы. Поппердің эпистемологиясының соңғы нұсқауына антикумулятивистік емес, кумулятивистік емес позиция /бірізгілік пен үзілісті қабылдайды/ тәрізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет